13
сентябрь
2023
«Ереже-мектептің негізгі заңы» тақырыбындағы жиналыс
«Алғабас орта мектебі» КММ де өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева 2023 жылдың 13 қыркүйек күні оқушыларға мектеп ережесін таныстыру мақсатында «Ереже-мектептің негізгі заңы» тақырыбында жиналыс ұйымдастырып өткізді.
Бұл ереже мектепте оқу – тәрбие үрдісінде жағымды жағдай жасау, мектеп маңы мен мектеп өмірінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, адами құндылықтарды сыйлауға, қоғамда өздерін таныта білуге дағдыландыратын мектеп оқушыларының тәртібін белгілейді.
Жиналыс кезінде оқушыларға мектеп ережесі туралы таныстырылым көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс барысында ДТІЖО А.Карсыбаева оқушыларды осы айтылған ережелерді орындаулары керек екендігін айтып жиналысты қорытындылады.