«Түрлі жарақаттар алғанда алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбындағы танымдық сағатының
«Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының «Салауат» бағыты бойынша 2023 жылдың 26 қаңтар күні өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мектеп медбикесі А.Батырбекованың, 9-11 сыныптардың қатысуымен «Түрлі жарақаттар алғанда алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында танымдық сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға жарақат алған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің негізгі әдіс – тәсілдерімен таныстыру, оқушыларды алғашқы медициналық көмектің практикалық дағдысын қалыптастыру, достыққа, адамгершілікке, біріне - бірі көмек беруге тәрбиелеу.
Педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева оқушыларға шараның тақырыбы мен мақсатын айтып, слайд арқылы түсінік берді . «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы Манат Аяулым «Түрлі жарақаттар алғанда алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында баяндама оқып берсе, ақпарат министрі Мақажан Айжан тақырып аясында бейнеслайдтар мен бейнесюжеттер көрсетті. Ал мектеп медбикесі А.Батырбекова түрлі жарақаттар алғанда алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, практикалық тұрғыда оқушыларға әдіс-тәсілдерді көрсетті.

