«Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі уақытша орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі бос лауазымына конкурс жариялайды.
Индекс: 141204 Жетісу облысы, Көксу ауданы, Алғабас ауылы, Батыржан көшесі №38/А
Анықтама телефоны: 8(72838) 27-3-03
Электрондық пошта: algabas.mektep@mail.ru
БСН:670340000058
Уақытша бос қызмет орны: орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
(апталық жүктемесі 16 сағат)
Еңбекақы мөлшері: 150 000 – 170 000 теңге
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жеті жұмыс күн (04.11.2024ж-12.11.2024ж) аралығында жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынандай құжаттар тапсырылады:
1.Осы қағидаларға 10-қосымша сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2.Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3.Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4.Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылған біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері;
6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құүқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 21579 болып тіркелген).
7.Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9.Ұлттық біліктілік тестілеу сертифакаты (бұдан әрі –ҰБТ) немесе педагог-модератордың,педагог-сарапшының,педагог-зертеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10.11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің тұрақты немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Осы қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құүқықтық актілерді.
Конкурстың өтетін орны: Жетісу облысы, Көксу ауданы, Алғабас ауылы, Батыржан көшесі №38/А
Кандидаттардың құжаттарын қарау:
Коммисия құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарын педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарауды жүргізеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.
Байқау нәтижелері 14.11.2024 жылы жарияланады.