02
июнь
2022
1-қазан Қарттар күніне байланысты өзін-өзі басқару ұйымының ардагер ұстазбен кездесуі туралы мәлімет
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, адамға жақсылық жасау,қайырымдылық, құрмет көрсету, олардан өнеге алу біздің ата бабамыздан келе жатқан тәрбиеміз,салт-дәстүріміз. «Қарты бар үйдің, қазынасы бар» деген керемет қанатты сөз бар халқымызда. Бәріміз білеміз 1 қазан қариялар күні.Қазан айы - қайырымдылық айы болып табылады. Яғни осы айлық аясында 1-қазан Қарттар күні «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері «Үлкенге құрмет-кішіге ізет» көрсету мақсатында мектебіміздің ардагер ұстазы Құрмысынова Ұлтай апайдың үйіне барып құттықтап, көмек көрсетіп қайтты.
