Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысы туралы ереже » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысы туралы ереже
02
июнь
2022

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысы туралы ереже

1.1. «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Жас Ұлан») Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.

1.2. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.

1.3. «Жас Ұлан» өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады.

1.4. «Жас Ұлан» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.

2. Мақсаты мен міндеттері

2.1. «Жас Ұланның» мақсаты:

- өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

2.2. «Жас Ұланның» міндеттері:

- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;

- танымдық жұмыстарды ынталандыру;

- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

- жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.


3. Қызметтері мен қағидалары

3.1. «Жас Ұлан» келесі қызметтерді атқарады:

- тәрбиелік;

- танымдық;

- коммуникативтік;

- әлеуметтік;

- ақпараттық;

- шығармашылық.

3.2. «Жас Ұлан» қызметінің қағидалары:

- азаматтық сана-сезім және жалпы адами құндылықтардың басымдылығы;

- еріктілік және қол жетімділік;

- ұрпақтар сабақтастығы мен «Жас Ұлан» ұйымының дәстүрлерін сақтау;

- ұйымның негізгі мақсаты мен міндетін жүзеге асырудағы ересектер мен балалардың бірлігі;

- қызметтің патроттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты.

4. Мүшелік, оған қабылдану және шығу тәртібі

4.1. «Жас Ұлан» ұйымында мүше болудың екідеңгейлі жүйесі бар. «Жас Ұланның» жоғары буынына 5-10 сынып, ал «Жас Қыран» төменгі буынына – 1-4 сынып оқушылары, сонымен қатар «Жас Ұланға» өз үлесін қосуға және оның мүшесі болуға ерікті түрде ниет білдірген балалар мен жасөспірімдер қабылданады.

4.2. Мүшелерді ұйымға қабылдауды «Жас Ұлан» бастауыш ұйымы жүргізеді. Ұйымға қабылдау жылына 3 рет өткізіледі: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 6 шілде – «Жас Ұлан» құрылған күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

4.3. «Жас Ұланнан» ерікті түрде шығу үшін «Жас Ұлан» бастауыш ұйымының жетекшісіне жазбаша өтініш береді.

4.4. «Жас Ұлан» Ережесін бұзған ұйым мүшелеріне келесідей шаралар қолданылады: ұйымның жалпы жиналысында талқылау, ескертулер жасау, сөгіс жариялау, ұйымнан шығару туралы ескерту жасау. Ең қатаң шара – ұйымнан шығару.

4.5. Ұйымнан шығару мәселесі бастапқы ұйымның жалпы жиналысында қаралады. Шығару туралы шешім Мектеп комитеті мүшелерінің кемінде ⅔-і дауыс берген жағдайда ғана қабылданады және бекітілгеннен кейін күшіне енеді.


5. «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

5.1. «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары:

- «Жас Ұлан» қызметіне белсенді қатысу;

- «Жас Ұлан» басқару органының құрамына сайлану және сайлау;

- «Жас Ұлан» жұмысының бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы табыстары және ерекше жеке жетістіктері үшін мақтаулар мен мадақтаулар алу (грамоталар, дипломдар, жазғы және сауықтыру лагерлеріне жолдама, «Жас Ұлан» Алтын Кітабына ену»);

- «Жас Ұлан» органына өтініш, арыз, сұрақтар, бастамалар мен ұсыныстар беруге;

- Ұйымның барлық деңгейінде қызметі туралы ақпарат алуға;

5.2. «Жас Ұлан» мүшелерінің міндеттері:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сыйлау (Ту, Елтаңба, Әнұран), өз елінің патриоты болу;

- «Жас Ұлан» Ережесін және басқару органдарының шешімін орындау;

- «Жас Ұланның» өзге мүшелері мен олардың құқықтарын құрметтеу, мойындау;

- оқуда, қоғамдық жұмыстарда, еңбекте үлгілі болу; қоғамдық мүлікті сақтау, мәдениетті болу;

- салауатты өмір салтын ұстану, оны өз құрдастары арасында насихаттау;

- үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.


6. Басқару құрылымы

Ұйым жетекшісі - Мектеп Ұланбасы - Топ Ұланбасы - Топ қыранбасы - Класс Ұланбасы - Класс Қыранбасы - бөлімдер бойынша жауаптылар

7. Ұйым жұмысынан күтілетін нәтиже

Қоғамдағы өзгеріске бейімделген, әлеуметтік жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғамдағы бірлестіктің ғылыми - әдістемелік қызметін жандандыру.Тәрбиелік - оқыту бағдарламасын тиянақты өткізу, ұйым жұмыстарын БАҚ арқылы кеңінен насихаттау.

«Жас ұлан» ұйымының жұмыстарын жүзеге асыру барысында ерекше жеке жетістіктері үшін оқушылар мадақталады(грамоталар, дипломдар,лагерьге жолдама, "Жас ұлан" Алтын кітабына ену).

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив