«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының рәміздері мен ерекше белгілері
РӘМІЗДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ
«Жас Ұлан» балалар ұйымының рәміздері: ұран, әнұран, ту, галстук, төсбелгі, эмблема болып табылады.
Ту – бұл балалар мен жасөспірімдер бірлігін бейнелейді. Ол республикалық ұйымда және оның барлық бөлімшелерінде (мектептік, аудандық/қалалық, облыстық) болуы қажет.
Ту - тік төртбұрышты 200×100 см өлшемдегі ақ түсті ортасында ұйым белгісі бейнеленген кездеме. Ұйым белгісі және атауы кестелік тігіспен, бояумен немесе матамен аппликациялау арқылы жазады. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Кездеменің бойы алтын түстес шашақтармен жиектелген.

Ту ағаш сабына сүңгі арқылы бекітіледі. Сүңгі ұлттық өрнек нақышында жасалынады. Тудың ағаш сабының ұзындығы металл (пластмасса) сүңгінің ұзындығымен қоса 2 м 20 см биіктікті құрайды. Оған алтын түстес шашақты бау байланады.
Ту салтанатты рәсімдерде, шерулерде, мемлекеттік мерекелерде шығарылады. Ол арнайы ағаш тіреуде қаптаулы түрде сақталады немесе бөлменің отрасында Ұйымның салттық қабырғасында әйнекте тұрады.
Ерекше жағдайларда туға мәртебелі қарауыл қойылады, ол ту ұстаушыі мен екі атқосшыдан тұрады. Қарауыл кезегі әр 10-15 минут сайын ауысады. Алыс жолдарға туды қапталған күйде иыққа салып апарады. Ту ұстаушылардың киімі ұйымның ерекше белгілеріне сәйкес келеді. Міндетті түрдегі рәміздер: ленталар (аксельбанты), бас киім, ақ қолғап болып табылады. Лента мен бас киімнің түсі бірдей – көгілдір.
Галстук – бұл балалар ұйымының ерекше белгісі. Түсі – аспан түстес көгілдір. Галстук өлшемі 40×130 см. Галстуктың оң жақ бұрышында «Жас Ұлан» логотипі орналасқан. «Жас Ұлан» логотипінің диаметрі 4 см шеңбер түрінде жасалған.
Ұран – ұйымның ерекше белгісі. Ол ұйымның, бірлестіктің ең негізгі ойын, идеясын білдіреді.

«Жас Ұланның» ерекше белгілері болып ұйымның идеясын айқын жеткізетін төсбелгілер, айырмашылық белгілері белгілі заттар мен белгілер саналады.

Жас ұландар әні.
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің
АНТЫ
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге,біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
