«Жас "Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мақсаты, міндеті, күтілетін нәтижесі
«Алғабас орта мектебі» КММ бойынша Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай
балалар мен жасөспірімдер ұйымы
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының моделі – балалардың қазіргі замандық қоғамда өз орнын табуына, Отаншылдық және азаматтық жауапкершілікті сезінуіне, еркін шығармашылық қабілеттерін дамытуына мүмкіндік береді.«Жас Ұлан»- өскелең ұрпақты жоғары рухани – адамгершілік құндылықтар,
демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм
рухында қалыптасқан ұйым.
Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, біліммен өзін – өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ұйымның міндеттері: қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
- Әрбір «Жас Ұландықтан» Отан мүддесі үшін қызмет ететін маңызды қасиеттерді меңгерген, Отанның мүдделерін қорғау жөнінде азаматтық борыш пен міндеттерін орындауға тәрбиеленген, халықтар достығын құрметтейтін, имандылық, адамгершілік, ізгілік, ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрпын негізінде білім алған тұлғаның өсіп шығуы:
- Өз Отанының тарихы мен мәдениетін зерделей алатын, ұлттық және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді қастерлейтін жастардың көбеюі;
- Оқушылардың мектеп қабырғасында бастап кемел білімге, кенен кәсіпке жақын болуы, сол арқылы Отанымыз –Қазақстанның дамуына, ондағы
- азаматтық қоғамның тұғырының мығым болуына өз үлесін қосатын шын мәніндегі Отаншыл азаматтардың қалыптасуы;
- Оқушылар өзін-өзі басқара отырып, елжандылыққа, өнерге, білімге, адамгершілікке, сауаттылыққа тәрбиеленеді;
- Оқу-тәрбие жұмысының сапалы жүруіне сынып белсенділері өзінің құқы, міндеті, жауапкершілігі арқылы өз үлестерін қосады;
- Болашақта жан-жақты дамыған, адами құндылықтары бойына қалыптасқан, ел тұтқасын ұстайтын жеке тұлғалар шығады;
- Ойы, тәні, жаны, ісі әсем тұлға шығады.