«Алғабас орта мектебі» КММ бойынша «Қыс мезгілі» тақырыбында сурет көрмесінің өткізілуі туралы мәлімет
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының іс-шара жоспарына сәйкес қаңтар айының 06 күні «Экоәлем» бағыты бойынша 6-8 сынып оқушыларының арасында «Қыс мезгілі» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып өткізілді. Сурет көрмесін ұйымдастыруда өзін-өзі басқару ұйымына еңбек пәнінің мұғалімі А.Хамза көмектесті.
Бұл қысқы сурет көрмесінде жұмыстардың авторлары қыс мезгілі және осы кезеңге байланысты мерекелер туралы өз ойларын білдірді. Оқушылардың барлық жұмыстары қыс мезгіліне деген сүйіспеншілікті көрсетеді. Олар әртүрлі дәстүрлі әдістерде бейнеленген. Жұмыстар түрлі-түсті қарындаштармен, фломастермен, қаламдармен, гуаш бояуларымен, пастельмен орындалды. Суреттер мектеп дәлізінде қаңтар айының аяғына дейін ілініп тұрды. Оқушылар сурет көрмесіндегі ұнаған жұмыстарына стикерлер жабыстырды. Осы стикердің көмегімен оқушының көрмедегі ең үздік жұмысы анықталды.
