«Алғабас орта мектебі» КММ бойынша «Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алғабас орта мектебі» КММ бойынша «Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
11
ноябрь
2022

«Алғабас орта мектебі» КММ бойынша «Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы

«Алғабас орта мектебі» КММ бойынша «Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысының өткізілуі туралы 

мәлімет


    Ағымдағы жылдың 10 қазаны, сағат 17:30 да «Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы жаңа форматта  өткізілді. Жиналысқа жалпы 80 ата-ана қатысты.

   Мақсаты: әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.

  Жиналыс басталмас бұрын келген ата-аналарды қарсы алып түрлі түсті стикерлер арқылы екі алаңға бөліп топтастырылды. Бірінші алаң «Тәрбие» алаңын ДТІЖО Д.Карсакова мен педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева жүргізді. Екінші алаң «Бала құқығы» алаңын әлеуметтік педагог Б.Қуанышбайқызы мен педагог-психолог Э.Керимбекова жүргізді. Бөлінген топ бойынша жиналыс өтетін алаңға ата-аналар шақырылды. Жиналысты мектеп директоры Джексембиева Назерке Нұрбақытқызы ашып берді.  Алдымен алаңды жүргізетін жетекшілер  ата-аналармен психологиялық тренингтер өткізді. Алаң жетекшілері алдымен топтық жұмыс түрлерімен слайд арқылы таныстырып, жұмыс барысын түсіндірді.

    Жиналыс барысында ата-аналар тақырып аясында постер қорғап, сұрақтарға жауап беріп, бейнероликтер көріп, тақырып аясында пікір алмасты. Сонымен қатар ата-аналармен «Аяқталмаған сөйлем...» ойыны ойналып, бала қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ата-аналарға жадынамалар таратылды.

   Жиналыс соңында ата-аналар кері байланыс парақшасы арқылы тілектерін білдірді.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив