«Алғабас орта мектебі» КММ бойынша «Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысының өткізілуі
Ағымдағы жылдың 10 қазаны, сағат 17:30 да «Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы жаңа форматта өткізілді. Жиналысқа жалпы 80 ата-ана қатысты.
Мақсаты: әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
Жиналыс басталмас бұрын келген ата-аналарды қарсы алып түрлі түсті стикерлер арқылы екі алаңға бөліп топтастырылды. Бірінші алаң «Тәрбие» алаңын ДТІЖО Д.Карсакова мен педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева жүргізді. Екінші алаң «Бала құқығы» алаңын әлеуметтік педагог Б.Қуанышбайқызы мен педагог-психолог Э.Керимбекова жүргізді. Бөлінген топ бойынша жиналыс өтетін алаңға ата-аналар шақырылды. Жиналысты мектеп директоры Джексембиева Назерке Нұрбақытқызы ашып берді. Алдымен алаңды жүргізетін жетекшілер ата-аналармен психологиялық тренингтер өткізді. Алаң жетекшілері алдымен топтық жұмыс түрлерімен слайд арқылы таныстырып, жұмыс барысын түсіндірді.
Жиналыс барысында ата-аналар тақырып аясында постер қорғап, сұрақтарға жауап беріп, бейнероликтер көріп, тақырып аясында пікір алмасты. Сонымен қатар ата-аналармен «Аяқталмаған сөйлем...» ойыны ойналып, бала қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ата-аналарға жадынамалар таратылды.
Жиналыс соңында ата-аналар кері байланыс парақшасы арқылы тілектерін білдірді.
