"Алғабас орта мектебі" КММ де 2022 жылдың 21 қыркүйегі күні 7-11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық кәмелетке жасы толмағандар ісі бөлімінің полиция лейтенанты Айдана Тасболатқызының қатысуымен жиналыс болды
«Алғабас орта мектебі» КММ де оқушылар арасында құқық бұзушылықтың және келеңсіз оқиғалардың алдын-алу мақсатында өткізілген іс-шара туралы мәлімет
21.09 күні мектеп акз залында Коксу АІІБ ЖПҚ ЮПТ полиция лейтенанты Тасболатова Айдана Тасболатқызы қатысуымен жиналыс өтті . Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері.
7-11сынып оқушылары қатысты. Алғашқы сөзді Коксу АІІБ ЖПҚ ЮПТ полиция лейтенанты А. Тасболатқызы жиналыстың мақсатын айтып өтті. Оқушыларды адамгершілікке, рухани тазалықтарын сақтауға, әр істе сабырлы болуға үйрету, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсініктеме берді. Қазіргі жағдайларға байланысты көптеген мысалдар келтіре отырып, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алын-алу, қазіргі кезде орын алып жатқан кесетін, шаншитын заттарды ұстамау керектігі жөнінде көптеген мысалдар келтірді, жер-жерде орын алып жатқан жағымсыз жәйттарды айтып түсіндірді. Осының барлығы әлеуметтік желілердегі байланыстан туындап жатқандығын айтты. Оқушыларға осындай түрлі сайттарға кірмеу керектігі айтылып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кешкілік уақытта әр ата-ана өз баласының немен айналысып отырғанын біліп, үнемі баласының не ұстап немен айналысып жүргенін қадағалап отыру керектігі ескертілді. Кешкі мезгілде көшеде жүрулеріне болмайтындығын айтты. Баланың тәрбиесіндегі әдепсіздік қоғам үшін зиянды. Сондықтан әрбір ата-ана баласының тәртібі мен білім алуына жауапты бірден-бір тұлға екендігін, бала тәрбиесіне үлкен көңіл бөлу керектігін айтып өтті. Бөтен адамның мүлкіне яғни затына тиісу ол қылмыс екенін дәріс кезінде жете түсіндірілді. Бөтеннің мүлкіне қол сұғу, тонау, ұрлау жайында мысалдар келтірілді. Жер-жерде болып жатқан осындай ұрлық, тонау фактілерін айтып өтті. Ұрлық түбі-қорлық екендігі айтылды. Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында белең алып жатқан электронды темекінің адам ағзасына зиянды екенін түсіндірді. Бала тәрбиесі-баршаның ісі екендігін айтып дәрісті қортындылады.
Мектеп директоры сөз алып, оқушыларға қосымша ақпарат беріп, кешкі мезгілде көшеде жүруге болмайтындығы айтылып, кешкі мезгілде мектеп тарапынан рейд үнемі жүргізілетіндігін хабардар етті. Балалар арасында мотоцикл және көлік жүргізетін балалар бар екендігін айтып, ескерту жасады. Түнгі мезгілде телефонды қолданбауларын талап етті. Оқушылар бүгінгі жиынның мақсатын түсінді.
Жиналыс соңында педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева оқушыларға жолда жүру ережесі жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға мектеп ережесі, оқушының міндеттері таныстырылып, түсіндірілді.

