«Алғабас орта мектебі» КММ бойынша «Менің отбасым – сыйластық жарасқан ортам» тақырыбында психологиялық тренингтің өткізілуі туралы
Ағымдағы жылдың 12 қазаны күні педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес мектеп психологы Э.Керимбековамен бірлесе «Менің отбасым – сыйластық жарасқан ортам» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингке 7-8 сынып оқушыларынан жалпы 50 оқушы қатысты.
Мақсаты:Оқушыларды өздерінің отбасы туралы жан-жақты білуге және отбасының рөлі жайлы түсіндіру. Отбасын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Алдымен оқушыларға тренингтің тақырыбы мене мақсаты таныстырылып, тренингтің кезеңдері слайд арқылы түсіндірілді.
Тренинг барысында оқушылар бір-бірлерімен танысу мақсатында «Таныстыру» ойынын ойнады. Сонымен қатар тақырып аясында сұрақтарға жауап беріп, бейнероликтер көріп, жұмбақтар шешіп, логикалық сұрақтардың жауабын тапты. Тренинг соңында оқушыларға «Менің анам ол...» тақырыбында эссе жазғызып, «Үй, адам» ойыны ойнатылды.

