«Жас келсе, іске» жас мамандарға арналған тренинг – жаттығудың өткізілуі туралы
«Алғабас орта мектебі» КММ де 2022 жылдың 01 қарашасы күні күзгі каникул кезіндегі оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес педагог-психолог Э.Керимбекова мен педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева «Жас келсе іске» тақырыбында жас мамандарға арналған тренинг жаттығуын өткізді.
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, —
деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Тренинг барысында «Ұстаз тағылымы» бөлімі бойынша жас ұстаздар «Жарық құмыра» тақырыбында бейнеролик көре отырып, өз ойларын ортаға салды.
Зейінді зерттеп зерделе «Мюнстерберг»әдістемесі бойынша көптеген әріптердің арасынан тұтас сөздерді тауып, астын сызып, мәтінді оқыды.
«Менің мінезім» тақырыбында сергіту сәті жүргізіліп тест-диагностика құралы бөлімі бойынша «Сіз қандай мұғалімсіз?» атты жалпы диагностикалық, кәсіби лайықтылықты анықтау мақсатында тест алынып, ұпай сандарын қосу арқылы жауабын білді. Сонымен қатар мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру үшін «Әуенді терапия» жаттығуы мен «Мен -үйде» және «Мен жұмыста» атты жаттығу жұмыстары жүргізілді.
Тренинг соңында жас ұстаздар кері байланыс беріп, жақсы көңіл күймен қайтты.
