7-8 сынып оқушыларына арналған "Менің отбасым - сыйластық жарасқан ортам" тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
«Алғабас орта мектебі» КММ
Менің отбасым – сыйластық жарасқан ортам
7-8 сынып оқушыларына арналған тренинг
Өткізген: педагог -ұйымдастырушы Г.Нусипбаева
Педагог-психолог Э.Керимбекова
Алғабас ауылы
Бекітемін
Мектеп директоры
Н.Н.Джексембиева
____________ 11.10.2022 ж
Менің отбасым – сыйластық жарасқан ортам
Тренинг сабақтың мақсаты: Оқушыларды өздерінің отбасы туралы жан-жақты білуге және балаға отбасының рөлі жайлы түсіндіру. Отбасын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар бүгінгі біздің тренинг сабағымыздың тақырыбы «Менің отбасым – сыйластық жарасқан ортам» Тренинг сабағымыз 6 бөлімнен тұрады.
1.Таныстыру (аты-жөні, менің отбасым бақытты)
2.Отбасы туралы сұрақтар
3. Жұмбақ шешу
4. Логикалық сұрақтар
5. Ата-ана қадірі (бейнебаян)
6. Менің анам ол....
- «Таныстыру» Әрбір оқушы орындарынан тұрып аты-жөндерін айтып таныстырады және балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді? (Балапаным, аппағым, қозым, ботам, құлыншағым, қарғам...).
2. Отбасы туралы сұрақтар
1. Отбасы дегенді қалай түсінесің?
2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?
4. Өзіңнің отбасың туралы әңгімелеп бер?
5. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсың ба?
6. Сен қандай отбасын армандайсың?
7. Өз отбасыңа көңілің тола ма?
8. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?
9. Сен өз отбасыңа қалай көмектесесің?
10. Отбасының ұйытқысы кім?
11. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?
3. Жұмбақ шешу Мен сіздерге арнап бір қоржын жұмбақтар алып келдім. Балалар, сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма? Олай болса мен сіздерге жұмбақтар жасырамын. Сендер оларды шешуге тырысыңдар. Тағы менің қоятын бір шартым бар. Менің қойған жұмбақтарымның жауабын тауып, жауабыма сай өлең жолдарын оқып, мақал-мәтел айтып немесе ән салып беріңдер
1-жұмбақ: Онда әкем-шешем тұрады,
Ата-әже бауырым.
Бәрі бірге қосылып,
Бір ұғымды құрады. (Отбасы)
2-жұмбақ: Пешсіз піскен,
Ыдыссыз ішкен. (Ана сүті)
3 – жұмбақ: Күніне бір өліп, бір тіріледі,
Ақырында тұра алмай кідіреді.
Ойланғанға келісімді шешуі бар,
Ойланбаса мұны да кім біледі. (Адамның ұйықтағаны, оянғаны)
4 -жұмбақ. Аппас жұмбақ,
Адам басын таппас жұмбақ,
Қыз тілесе, бермес жұмбақ,
Қызыл алтынға батпас жұмбақ. (Адамның тәрбиесі)
5 -жұмбақ. ''Маған да, саған да, жақын туыс - бес адам, үш әрптен тұратын, оңға оқы, солға оқы, өзгермейді еш одан, бәрі де өз жұртын, айтады, қане, кім айтады?'' (Ана)
4. Логикалық сұрақтар
1. Менің атым Медет. Менің апамның бір ғана інісі бар. Менің апамның інісінің аты кім? Жауабы: Медет
2. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: 3 адам
3. Анаңның апасының баласы саған кім болады? ( бөле)
4. Нағашы ата-әжеңе сен кім боласың? (жиен немере)
5. Мен ата-анама кім боламын? (ұлымын, қызымын)
6. Бір үйде 4 қыз бар оның әрқайсысының бір інісі бар, бұл үйде неше бала бар? (5 бала)
7.Анаңның ағасы саған кім болып келеді? (нағашы)
8. Әкеңнің әкесі саған кім болып келеді? (ата)
9.Әкеңнің анасына сен кім боласың? (немере)
5. «Ана қадірі» бейнебаян
6. Ал енді балалар сендер аналарыңа қандай жылы сөздер, жақсы тілектер айтып жүресіздер. Соны анықтау мақсатында Сіздерге менің анам –ол... кестесін таратамын. «Менің анам – ол... мейірімді, еңбексүйгіш, адал, әдемі, қамқоршыл, инабатты, сыпайы, » Тапсырманы орындауға оқушыларға кесте таратылады менің анам ол.... сөзін ары қарай жалғастыру тапсырылады.
