"Бүкіл Қазақстандық ағаш егу" экологиялық акциясы
«Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды»,- дейді. Соңғы кездері тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама емес пе?
"Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын" деген даналық сөздің өзі адамға байлықтан гөрі жасыл желектің орасан пайдасы барын айшықтап тұрғандай.
Бұны жете түсінген «Алғабас орта мектебі» КММ-нің жас жеткіншектері мен ұстаздар қатары 2023 жылдың 22 сәуір күні "Бүкіл Қазақстандық ағаш егу» экологиялық акциясына қатысты.
Акцияның мақсаты: ауыл жастарына, мектеп оқушыларына мектептердің аулаларын өз қолдарымен өздерінің атаулы ағаштарын отырғызу, алдағы уақытта сол ағашты баптауға дәріптеу.
Бүгінгі ағаш отырғызу акциясына мектеп ұжымы мен кіші қызметкерлерден 57 адам, 1-11 сынып оқушыларынан 219 оқушы белсенді қатысып, 75 көшет отырғызды.
Алма ағашы – 45
Шырша – 10
Гүлдер – 20

