«Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы ата-аналар жиналысы
«Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы
ата-аналарымен өткізілген жиналыстың
ХАТТАМАСЫ
Өтілген уақыты: 20.04.2023 ж
Қатысқан ата-аналар саны: 82
Қатыспағандар:
Күн тәртібінде:
1. «Ата-аналарды жазғы лагердің балалар үшін маңыздылығы мен пайдасы туралы ақпараттандыру». Ата-аналарға жазғы лагердің жоспарына сапасы туралы, психологиялық тұрғыдан бала үшін құрдастармен қарым-қатынасының пайдасы, қарым-қатынас орнатуда дағдыларды игерудің маңыздылығы және ауданымыздағы «Қарлығаш» сауықтыру лагері, мектепішілік лагерлер мен әртүрлі экскурсиялық жұмыстардың ұйымдастырылуы туралы ақпараттандыру.
Тыңдалды:
1.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алғашқы сөзді мектеп директоры Н.Н.Джексембиева сөз алды. 2023 жылдың 20 сәуір күні 2022-2023 оқу жылындағы жазғы демалысқа дайындау мақсатында «Ата-аналарды жазғы лагердің балалар үшін маңыздылығы мен пайдасы туралы ақпараттандыру» Ата-аналарға жазғы лагердің жоспарына сапасы туралы, психологиялық тұрғыдан бала үшін құрдастармен қарым-қатынасының пайдасы, қарым-қатынас орнатуда дағдыларды игерудің маңыздылығы және ауданымыздағы «Қарлығаш» сауықтыру лагері, мектепішілік лагерлер мен әртүрлі экскурсиялық жұмыстардың ұйымдастырылуы туралы ақпараттандыру туралы айтып өтті.
2.Сөз кезегі мектептің педагог-ұйымдастырушысы Г.Нусипбаева алды. Өз сөзінде жазғы лагердің мектепішілік, аудандық, «Қарлығаш» сауықтыру лагері, әртүрлі экскурсиялық жұмыстардың ұйыдастырылуы туралы ақпараттық жұмыстар атқарылатындығы жөнінде таныстырып өтті.
3.Келесі сөзді мектептің әлеуметтік педагогы Б.Қуанышбайқызы сөйледі. Ол, өз сөзінде Жазғы лагерді ұйымдастыруда «Балалар үшін жазғы лагердің маңыздылығы мен пайдасы» туралы айтып өтті. Балалар үшін жаз мезгілі өте пайдалы өтуі тиіс. Бұл мезгілде олар өз уақыттарын тиімді пайдаланып, жазғы демалыс орындарына бару арқылы танымдық, тағлымдық тұрғыда дами алады.
4.Ата-аналар жиналсында лагердің психологиялық тұрғыдан бала үшін құрдастармен қарым-қатынасын пайдасы, қарым-қатынас орнатуда дағдыларды игерудің маңыздылығы түсіндіру мақсатында мектептің педагог-психологы Э.Керимбекова жағымды ахуал қалыптастыру жағдайларын атап көрсетті.
5.Келесі сөзді меттептің медбикесі А.Батырбеккова ата-аналардың лагерге баратын оқушылардың тазалығы мен денсаулығын куәландыратын құжаттардың болуын қадағалап жіберілеріне баса назарда ұстауына қатаң ескертті.
Күн тәртібіндегі мәселе толық қаралып, ата-аналарды ақпараттандыру жұмысы өз дәрежесінде жүргізілді. Ата-аналар тарапынан еш қарсылық болмады. Ақпараттандыру жұмысымен толық танысты.
Шешім:
- Оқушылардың жазғы демалыс кезінде мектеп лагеріне қатысуына мектеп әкімшілігі жауапкер болып танылсын.
- Мектепішілік лагері, аудандық «Қарлығаш» сауықтыру лагері, әртүрлы экскурсия бойынша сынып жетекшілері мен ата-аналар байланыста болуы қадағалансын.