Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны (9-10 сынып оқушыларына арналған пікірталас)
«Алғабас орта мектебі» КММ 9-10 сынып оқушыларына
«Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел туралы мәлімет
Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 5.12.2022 оқу жылында 9-10 сынып оқушыларына «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелде оқушылар ғаламтор туралы өз ойларын ашық және еркін түрде жеткізіп, психолог берген тапсырмаларды белсене орындады. Топқа бөлініп, ғаламтор туралы мағұлматтарды дәлелдеп, нақты ьмысалдар келтірді.
Жалпы балалардың бүгінгі белсенділігі өте жақсы болды.




Педагог-психолог Э.Керимбекова