«Біз нашақорлыққа қарсымыз!», «ЖҚТБ-ғасыр індеті» атты сурет байқауының өткізілгендігі туралы
«Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Спорт және салауатты өмір салты» фракциясы бойынша 7-11 сынып оқушылары арасында «Біз нашақорлықққа қарсымыз!», «ЖҚТБ-ғасыр індеті» тақырыбында сурет байқауы өтті.
Мақсаты: Оқушыларға ЖҚТБ - ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ - ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жуапкершілік-терін орнықтыру. Шығармашылыққа баулу.
Сурет байқауына 7-11 сынып оқушыларынан 25 оқушы қатысты. Қатысушыларға байқаудың тақырыбы мен мақсаты айтылып, ережесі түсіндірілді. Қатысушылар тақырып аясында өз ойларын қағаз бетіне түсіріп бейнеледі.
Байқау қорытындысы бойынша үздік танылған оқушылар марапатталып, мадақталды.