«Түлектердің ағаш егу» челленджі
«Түлектердің ағаш егу» челленджі Қазақстанда мектеп бітіруші түлектердің туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу мақсатында өткізіледі. Бұл шара мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау аясында ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінде кеңінен таралған.
Осы орайда, ағымдағы жылдың 10-сәуір күні тәрбие жұмысының бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес мектебіміздің түлектері сынып жетекшілері Н.Еркинбеков, Ж.Тлеужановамен бірге «Қамқор» жобасы аясында: «Түлектердің ағаш егу» экочелленджіне белсене қатысып мектеп ауласына шырша мен туя көшеттерін отырғызды.
Челлендждің негізгі мақсаттары:
-Түлектердің мектеп ауласын көгалдандыру арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
-Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
-Туған жерге деген патриоттық сезімді нығайту.
