«Жасыл мектеп» және «Оқу кабинеттерін тазалау» акциялары
Ағымды жылдың 10-11 сәуір күндері мектебімізде «Қамқор» жобасы аясында бірқатар игі шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Жасыл мектеп» және «Оқу кабинеттерін тазалау» акциялары белсенді түрде өткізілді.
1. «Жасыл мектеп» акциясы:
Бұл акцияның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, мектеп аумағын көгалдандыру және табиғатты қорғауға деген жауапкершілік сезімін дамыту.
Акция барысында келесі жұмыстар атқарылды:
Мектеп ауласына ағаштар мен гүл көшеттері отырғызылды;
Гүлзарлар ретке келтірілді;
Оқушылар өз сынып жетекшілерімен бірге мектеп маңын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарына атсалысты.
2. «Оқу кабинеттерін тазалау» акциясы:
Бұл шара оқушылардың тазалыққа деген мәдениетін арттыруды мақсат етті. Әр сынып өз оқу кабинеттерін тазалап, артық қағаздар мен қажетсіз заттарды ретке келтірді. Акция барысында:
Парта мен орындықтар сүртілді;
Тақта мен терезелер тазаланды;
Сынып ішіндегі бөлме гүлдеріне күтім жасалды.
Аталған іс-шаралар оқушылардың белсенді қатысуымен, жоғары деңгейде өтті. Мұндай акциялар оқушыларды ұйымшылдыққа, тазалыққа, қоршаған ортаға деген жауапкершілікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды.

