"Экология және біз" сурет байқауы
Табиғатты қорғау және қоршаған ортаның экологиялық тазалығы туралы оқушылар арасында жиі айтудың, оның маңыздылығын үйретудің артықшылығы көп. Мәселен, жасөспірім шақта бала сурет салуға әуес болады.Осы орайда ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні «Жас Қыран» балалар мен «Жас Ұлан» жасөспірімдер өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес «Экология» бағыты бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында «Экология және біз» тақырыбында балалардың назарын қоршаған ортаны сақтау мәселелеріне, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне, деңгейін көтеруге арналған сурет байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: адамның мінез-құлқының экологиялық мәдениетін адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының және адамның табиғатпен қарым-қатынасының жалпы мәдениетінің бөлігі ретінде тәрбиелеу.
Міндеттері: Білім алушылардың назарын Ормандарды сақтау және табиғатқа зиянды әсердің алдын алу проблемаларына аудару; білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу.
Сурет байқауына 5-6 сыныптар арасынан 16 білім алушы қатысты. Оқушы-лар қарындаштар мен бояулардың көмегімен тақырыпқа байланысты өз ойлары мен эмоцияларын қағазға жеткізді. Барлық жұмыстар қызықты, мағыналы болды. Оқушылар тақырыпқа байланысты өздерінің идеяларын бейнелеуге тырысты.
Байқау нәтижесі бойынша жүлделі І орынды 6- сынып оқушысы Райқұл Асылай, ІІ орынды 6- сынып оқушысы Сейсебаева Айым мен Ерқанатұлы Ерен, ІІІ орынды 5-сынып оқушылары Амангелді Асыл мен Жарасұлы Ерасыл иеленді.
