Күйзелістен қалай құтылуға болады?» коррекциялық сабақ 5 сынып
№ 5 Сабақ | Сабақтың тақырыбы: «Күйзелістен қалай құтылуға болады?» |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларды күйзеліске қарсы тұра алуға дағдыландыру |
Күтілетін нәтиже | жаттығулар жасау арқылы оқушылар күйзеліске қарсы тұруға жаттығады |
Көрнекілігі | суреттер, видеолар |
Түрі | Сауалнама, ойын, жаттығу |
Сабақтың барысы | |
Ұйымдастыру 0-6 мин | 1.Сәлемдесу 1 мин Психологиялық ахуал: «Комплименттер бұрқасыны» |
Негізгі бөлім | |
Ортасы 20 мин Сабақтың рефлексиясы | Күйзелістен арылу жолдары: Не нәрсеге болса да қарапайым көзбен, байсалдылықпен қарау! Бар жан тәніңмен күл және сенің осы өмірге келгеніңе, сенің бар екендігіңе, кім болғаныңа , өміріңде бар нәрсеге ризашылығыңды білдір.
Күлімдеу-керемет бір күшпен әрбір адамда бар ішкі энергияның қорын ашады.Айнаның алдында тұрып, омыртқаңды тік ұстап, иықтарыңды жаз,басыңды паңдана жоғары көтер. Өзіңе-өзің нұр сәулелі күлімде, қастарыңды көтеріп, тап осы күйде 5 минут тұр. Бұл тәсілді таңертеңгілік жасаған дұрыс. Сонда таңертеңнен кешке дейін тамаша көңіл-күйде боласың!
«Кел,ойнайық» сергіту сәті 1.Өтірік айту жаман қасиет дегендеріңіз,қол соғайық 2.Жақсы адам болғыларыңыз келсе,орнымыздан тұрайық. 3.Жалқаулық жаман қасиет дегендеріңіз,отырайық. 4.Жүректері мейірімділікке толы адамдар «Мен» деп айқайласын. 5.Адамгершілігі мол адамдар екі қолдарын көтерсін. 6.Көңіл-күйлері жоғары адамдар,аяқты еденге соғайық. Менің бұл сабақтан алған тәлімім.................... Маған ұнағаны.......................... Маған ұнамағаны.............................. Менің естігім,білгім,жасағым келгені......................... |