Жазғы мектеп. 5 сынып оқушыларының есте сақтауын дамытуға арналған сабақ
Есте сақтауды дамытуға арналған сабақ
Мақсаты: Баланың қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, кеңістікте бағдарлауын дамытумен қатар зейінін, көру арқылы есте сақтауын дамыту.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: қарындаштар, ақ парақ, түрлі-түсті қарындаштар мен таяқшалар, бояулар мен фломастер.
Сабақ барысы.
Сәлемдесу:сәлемдесу аяқталған соң баланың жігерлілік, табандылық сияқты қасиеттерін дамытуға байлаысты ойын ұсынылады. Балалар шеңбер жасап турады. Олардың арасынан уақытша ойыннан шыға тұратын баланы өздері таңдайды. Ұйымдастырушыны баланың рөлі – ортаға шығып, әртүрлі қимыл көрсетіп, қалғандары сол қимылды айнытпай қайталауы керек. Уақытша ойыннан шыққан бала қайтып келіп, шеңбер бойны тұрып, ұйымдастырушы баланың кім екенін анықтауға күш салады. Егер ол дұрыс танып, атаған жағдайда ойын аяқталады немесе балалардың қалауымен ойын жалғастырылады.
Сергіту сәті. Ойын: «Мен қайдамын?».
Мақсаты: кеңістікте бағдарлауын, есту арқылы қабылдауы мен көру есін дамыту, зейінін аудару.
Жүргізуші: Қазір мен сендермен мынадай ойын ойнамақпын. Сендердің араларыңнан біреу ізкесуші болып сайланады. Біз оның көзін байлаймыз. Ол бөлменің бұрышында тұрады, ал қалғаңдарын бөлменің әр жерінен орын аласыңдар. Балалар өз орындарын тауып болған соң ізкесуші балалардың біреуінің атын айтады. Сол бала тұрған орынан қозғалмастан маңайындағы кез-келген затты тоқылдатады. Ізкесуші дыбыстың шығуна байланысты өзі атын атаған баланың қай жақта тұрғандығын атайды. Дұрыс танып, атаса басқа бала ізкесуші болып сайланып, ойын ары қарай жалғастырылады.
2 жаттығу:
Мақсаты: көру есін дамытуға бағытталған.
Баланың алдына таяқшалар ұсынылады. Бұл таяқшалардан қандай да қарапайым денелер (үй, шаршы, үшбұрыш) жасауға болады. Бала назарын осы денелерге аударып, кейін құрастырылған денелерді жауып қойып, еске түсіруін сұраймыз. Бұл жаттығуды күрделендіруге болады (түрлі-түсті таяқшаларды қолдану арқылы). Бала түс бойынша таяқшалардың орналасу ретін еске сақтап, өз еркімен құрастыра алуы керек.
Келесі нұсқа: құрастырылған дене таяқшаларын санау арқылы баланың көру есі ғана емес, санау іскерлігі де жетіледі.