Жазғы мектеп. 8 сынып оқушыларына есте сақтауды дамытуға арналған жаттығу » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жазғы мектеп. 8 сынып оқушыларына есте сақтауды дамытуға арналған жаттығу
03
июнь
2022

Жазғы мектеп. 8 сынып оқушыларына есте сақтауды дамытуға арналған жаттығу

Есті сақтауды дамытуға арналған сабақ.


Сабақ 1.


Мақсаты: Баланың өз бетімен іс-әрекетін, шапшаңдығын, бейнелі ойлау қабылетімен есте сақтауын дамыту. 

Қолданылатын құрал-жабдықтар: қарындаш, ақ парақ, түрлі-түсті бояу қарандаш, фломастер. 

Сабақ барысы.

Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң оларға ойын ұсынылады. «Сәнді қимыл» ойыны. Әрқайсысы өз ойынан қимыл ойлап, бөлме ішінде ары-бері қимылды көрсетіп 2-3 минут жүреді. Кімнің қимылы сәнді? Назар аударғандары ұнаған қимылдарын салып, ойынды жалғастырады. 

Сабақтың мазмұны.

1 жаттығу: «Бейнелі ойлауы мен сезімталдығын дамыту».

Мақсаты: Баланың бекйнелі ойлауын жетілдіру. 

Жүргізуші: «Мен сендерге мысалдар айтамын, ал сендер әр айтылған мысал сайын көздеріңді жұмып, суреттен көріп оырғандай елестетіңдер».

*Елікке шабуыл жасаған арыстан. 

*Құйрығын бұлғандатып тұрған ит. 

*Көжеге түскен шыбын.

*Қараңғыда түскен найзағай. 

*Сүйікті көйлегіне түскен дақ.

*Күн көзінде жалтылдаған тамшылар.

*Сүйікті ойыншығынды ұрлап бара жатқан досың.

Енді жоғарыда айтылған мысалдарды естеріңе түсіріп, ақ параққа жазып көрсетіңдер. Бұл жаттығуды қолдану арқылы баланың көру есін дамытуға болады. 

Сергіту сәті. Көрініс: «Сорғыш және доп»

Мақсаты: жекелей бұлшық ет топтарын жаттықтыруға арналған. Ойынға екеу қатысады. Біреуі үлкен үрленген доп, екіншісі допты сорғышпен үрлейді. Денесі желге толған «доп» аяқтары бүгіліп, қолы, мойыны босап, өзін еркін сезінеді. Басы төмен салбырап, доп ауамен толық толтырылмаған. «Сорғыш» допты үрлей бастайды. Қолдың әр үрлеген қимылы сайын «с» деген дыбыс шығады. Ауа толған сайын қолдары денесінен алшақтап, басын жоғары көтереді. Доп дөп-дөңгелек болып үрленеді, шлангасын ағытып жібергенде күшпен «ш» деген дыбысы шығады. 

Денесі қайта босаңсып, бастапқы қалпына келеді. Соңында ойыншылар орындарын ауыстырады. 




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив