Жазғы мектеп. 4 сынып оқушыларының есте сақтауын дамытуға арналған сабақ
Есте сақтауын дамытуға арналған сабақ
Мақсаты: Баланың байқампаздығын, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, жаңалыққа ұмтылу сияқты қасиеттерін дамытумен қатар бейнелік есін, бұлшық еттерін жетілдіруге бағытталған.
Қолданылатын құрал- жабдықтар: ақ парақ, қарындаштар, бояулар, түрлі- түсті қарындаштар, фломастерлер.
Сабақ барысы .
Сәлемдесу. Ойын: «Айна»
Мақсаты. Қарым –қатынасын, байқағыштығын дамыту. Топ ішінен бір бала жүргізуші болады. Ол көз алдына көп айнасй бар дүкенді елестетеді. Жүргізуші бала шеңбер ортасында тұрады, ал балалар шеңбер бойында тұрады. Ол әртүрлі қимылдар көрсетеді., ал «айналар» сол қимылды қайталайды.
Ескерту: Жүргізушінің рөлін барлық бала ойнауға болады.
Сабақтың мазмұны.
3 жаттығу: Бейнелік ойлаудың тура және ұқсас түсінігі.
Мақсаты: Бейне арқылы түсінігін қалыптастыру. Жаттығу екі кезең бойынша өтеді. Осы кезеңде бала көрген бейнесін мықтап есіне қалтыра алмайды. Сондықтан оларға графикалық бейнелерді көрсетуді қолдану керек.
Психолог: «Мен айтқан сөздердің әрқайсысына сурет салып көріңдерші»
Баланың қандай да бір бейнені көру арқылы қабылдап, түйсіну тез әрі жылдам болады. Мысалы: бірқатар топталар үлгісі:
Топтама 1.
Жүк машинасы Ақылды мысық
Ашу Қорқақ бала
Қызықты ойын Қыңыр бала
Ағаш Мамыражай ауа- райы
Жаза Қызықты ертегі
Топтама 2.
Көңілді мереке Қуаныш
Қараңғы орман Ауру
Өкініш Шапшаң адам
Батылдық Қайғы
Саңырау кемпір Самал жел
Топтама 3.
Күмән Қызғаныш
Ерік күші Күн
Табыс Қорқыныш
Жылдамдық Қатал мінез
Адалдық Жақсы дос, жолдас
Екінші кезең мысалдар мен сөздерді ойда сақтаумен сипатталынады.
Сергіту сәті. Көрініс «Байланыс».
Балалардың біреуі жүргізуші болады. Ол бөлмеден шығып, кетеді, ал қалғандары жүргізушінің кім болғандығын табуы керек. Ол туралы мінезіне сәйкес сұрақтар қойылады.
- Оның мінезі қандай жануарға ұқсайды?
- Қандай өсімдікке ұқсайды?
- Қандай тамақ, сусын ішіеді?
Қойылатын сауалдар әртүрлә болғаны дұрыс және жүргізушунің қиялына байланысты. Тек бір ғана ескерту. Баланың кескін- келбетіне байланысты сұрақтар қоюға болады.
Ойын: «Қиялдаған затты беру»
Мақсаты: байқампаздығын, бейнелі ойлауын дамыту. Мысалы: мысықты сипайды, доппен ойнайды. Заттың атауы дауыстап айтылмайды, тез қимылмен көрсетілінеді. Зат барлығының қолынан өтеді, әрбіреуі нендей зат берілгенін қолымен ұстап көріп, сезіне білуі керек.» мамықтай жұмсақ,мысық, тығыз доп). Бұл жаттығу есте сақтауды дамытуға арналған тамаша тәсіл.