Сабақтың тақырыбы: Ашу-ыза билегенде не істеу керек? 5 сынып оқушыларына коррекциялық сабақ
№3 Сабақ | Сабақтың тақырыбы: Ашу-ыза билегенде не істеу керек? |
Сабақтың мақсаты | Тәлім алушылардың ашу-ызаға толы сезімдерін қауіпсіз күйде айтуға үйрету |
Күтілетін нәтиже | оқушылар ашу-ызаға толы сезімдерін қауіпсіз күйде айтуға үйренеді |
Көрнекілігі | Суреттер |
Түрі | Жаттығулар |
Сабақтың барысы | |
Ұйымдастыру 0-6 мин | 1.Сәлемдесу 1 мин Ынтымақтастық атмосферасы 5мин « Атомдар және молекулалар» Оқушылар араласып жүреді. «Атомдар» деп дауыстағанда олар бір-бірімен араласып жүреді, «Молекулалар!» деп айтып 2 дегенде оқушылар 2 жұпқа тұрып бір-бірімен танысады.Бірнеше қабат айту.«Молекула 3» деп, топқа бөліп отырғызу |
Негізгі бөлім | |
Ортасы 20 мин Сабақтың рефлексиясы | Бүгін біз, өзіңізге және айналадағыларыңызға зиянкестік жасамай ғана ашу- ызаны қалай игеруге болатындығы туралы талдау жасаймыз 1-жаттығу «Көрме» жаттығуы Мақсаты: адам өзінің жан дүниесіндегі жағымсыз энергиялармен (ашу- ыза,агрессия, көре алмаушылық, табалау, қызғаныш және т.б)жұмыс жасай білуі. Нұсқау: Ыңғайлы отырып, денеңді бос күйде ұстап, 3-4 рет терең тыныс алып көзіңді жұм. Көз алдыңа кіші-гірім көрмеде жүрмін деп елестет. Саған жаманшылық ойлаған , сені бір кездері ренжіткен, сенің ашуыңды келтірген адамдардың суреттері сол көрмеде тізіліп тұр. Осы көрмеде жүре тұрып, осы портреттерді жан-жағынан қара.Солардың кез-келген біреуін таңдап алып қасына жақында. Осы адамға байланысты жанжалды есіңе түсір.Сол кезде өзіңнің қандай жағдайда болғаныңды елестет. Ашуыңды келтірген осы адамға өз сезіміңді тежемей , бәрін айтып салған сәттерді елестет. Қазір ол туралы ойыңа не келді , бәрін де бүкпей барынша жеткіз.Сезімдеріңе бой алдырған сәтте қандай ірекетке барушы едің соны көз алдыңа келтіріп, іс-әрекетіңді тежеме, осы адамға не істегің келеді, ойша бәрін жаса. Өз тәжірибеңді топпен бөліс. Осы жаттығуды жасарда не қиын, не жеңіл болды? Саған не ұнады?кімдер осы көрмеде болды? Сен кімнің алдына тоқтадың? Қандай жайды көз алдыңа елестеттің?Жаттығу кезінде сенің жағдайың қалай өзгерді?Сезімің бас кезінде қандай күйде болып еді? Қазір қандай күйдесің? Талдау: Ренжіткен адамыңа қандай сөздер айттың? Ашу-ызаны немесе ренішті тек сөздермен ғана жеткізе алу мүмкінбе? Сезімді білдірудің тағы басқа қандай амалдары бар? Менің бұл сабақтан алған тәлімім.................... Маған ұнағаны.......................... Маған ұнамағаны.............................. |