«Mi Battle» интеллектуалды ойыны
Біздің ойлау жүйеміз қалыптасқалы, қоршаған әлемді тану үстіндеміз. Дәлірек айтқанда, ойлау адамның кез келген қызметіне негіз болып табылады. Ал интеллект дегеніміз не? Интеллект бұл ақыл, адамның ойлау жүйріктігі; оқытуда және басқа да қызмет түрлерінде айқын көрінетін адамның қабілеті.
Осы тұрғыда, 2025 жылдың 27- ақпан күні педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева мен «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарларына сәйкес 5,6,7-сынып оқушылары арасында командалық «Mi Battle» интеллектуалды ойынын өткізді.
Ойын барысында білім алушыларда логикалық ойлау, ұқыптылық, мұқият тыңдау және білімге деген құштарлық байқалды. Логика мен ой ұшқырлығын, шапшаңдық пен білімді талап ететін аталмыш ойынға: «Team Creative», «MindBlaze», «Жалын», «Болашақ», «Жұрттың балалары», «Алға» командалары қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Бес кезеңге созылған сайыстың әр кезеңі қызыққа толы болды. Бірінде жасырылған әуендер мен кинолардың аттарын табу керек болса, ал, бірінде логикалық сұрақтар қойылды. Бұл жерде тағы бір ескерерлік және қажет етерлік нәрсе: «шапшаңдық» болып табылады. Төрешілер уақыт аяқталған соң жауап парақшаларын жинап алып отырды. Осы сындардан мүдірмей, қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан «MindBlaze» тобы жарыс жеңімпаздары болып табылды. Ал екінші орынды «Жалын» тобы қанжығаласа, үшінші орынды «Алға» командасы иеленді.
Дамыған интеллектісі бар тұлға жүйрік ойлау қабілетін сабақта ғана емес, сонымен қатар оданда тыс жерлерде белсенді пайдалану қажет. Еліміздің ертеңі, тәуелсіздігіміздің тұғырлы, болашағымыз кемел және нық болуы жастардың, білім алушыларымыздың қолында. Сондықтанда ой жүйріктігін жетілдіру, біліктілігін дамыту әр кез, әр бағытта жүргізіліп тұрылуы абзал.
