«Mi Battlе» интеллектуалды ойыны
Ағымды жылдың ақпан айының 09 күні мектебімізде педагог-ұйымдастырушы мен өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес 5,6,7-сынып оқушылары арасында командалық «Mi Battle» интеллектуалды ойыны өтті. «Шын жүйрікке шаршы топта қарсылас жоқ» деуші еді дана қазақ. Логика мен ой ұшқырлығын, шапшаңдық пен білімді талап ететін аталмыш ойынға: «Smart braine», «Жас Қыран», «Жалын», «Future», «Эстетика», «Батыл», «Позитив» командалары қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Бес кезеңге созылған сайыстың әр кезеңі қызыққа толы болды. Бірінде жасырылған әуендер мен кинолардың аттарын табу керек болса, ал , бірінде логикалық сұрақтар қойылды. Бұл жерде тағы бір ескерерлік және қажет етерлік нәрсе: «шапшаңдық» болып табылады. Төрешілер уақыт аяқталған соң жауап парақшаларын жинап алып отырды. Осы сындардан мүдірмей, қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан «Позитив» тобы жарыс жеңімпаздары болып табылды. Ал екінші орынды «Эстетика» тобы қанжығаласа, үшінші орынды «Smart braine» командасы иеленді.
