«Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – азаматтық парыз бен міндет» атты сайыс сағатының өтілуі туралы
Өзін-өзі басқару ұйымының қаңтар айындағы жұмыс жоспарына сәйкес 7 сыныптар арасында «Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – азаматтық парыз бен міндет» атты сайыс сағаты өтті.
Мақсаты: Елтаңба, Ту, Гимн туралы түсініктерін кеңейту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді,танымдық ой - өрісін, қызығушылығын дамыту. Оқушының есте сақтауын, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Отансүйгіштікке адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сайыс сағатына 7а,ә-сынып оқушылары арасынан 4 топ қатысты. Олар: «Қыран» тобы ,«Самұрық» тобы, «Болашақ» тобы ,«Бәйтерек» тобы.
Сайыс сағаты төрт кезең бойынша өтілді.
I кезең – «Бәйге» . Бұл кезеңде топтарға 50 сұрақ қойылды, оған бірінші болып таяқшаны көтерген топ жауап берді. Жауап бере алмаған жағдайда, келесі таяқшаны көтерген топ жауап беріп отырды. Әр жауап 3 ұпайдан есептелінді.
II кезең – «Рәміздерім-мақтанышым». Бұл айналымда рәміздерге байланысты сұрақтар мен тапсырмалар берілді,әділқазы алқаларының алдындағы қағаздарды алып,сол бойынша топтасып жұмыс жасады.
III кезең – «Шабытыңды шыңда». Бұл кезеңде топтарға сурет берілді, сол суреттегі бейнені әр шумаққа қоса отырып өз ойларынан өлең шығарды.Өлеңнің ұйқасы мен мағынасына аса назар аударылып,сонымен қатар суреттегі бейнелердің болуы міндетті түрде есепке алынып отырылды.
Топтар шараға белсене қатысып, өз ойларын дұрыс жеткізіп отырды. Сайыстың қорытындысы бойынша І орынды «Бәйтерек» тобы, ІІ орынды «Самұрық» тобы, ІІІ орынды «Қыран» тобы мен «Болашақ» тобы иеленді.