"Күз сыйы", "Арайлы алтын күз" тақырыбында мектепішілік ұйымдастырылып өткізілген іс-шаралар
"Алғабас орта мектебі" КММ де "Жас Ұлан" өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес «Күз сыйы» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында бейнероликтер ұйымдастырылса, 5-7, 8-11 сыныптар арасында «Арайлы алтын күз» атты сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Жалпы іс-шараға қамтылған оқушылар саны-170.
1-4 сыныптар "Күз сыйы" тақырыбында тақырыпқа сай, мазмұнды бейнероликтер дайындады. Дайындалған бейнероликтері интернет желісіне уақытылы салынып отырылды.

"Арайлы алтын күз" сайысында барлық сыныптар 4 кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті. Төрешілер сайысқа қатысушылардың 4 кезең бойынша жинаған ұпай сандарының қосындысын шығарып марапаттады.
5-7, 8-11 сыныптар арасында «Арайлы алтын күз» атты сайыста 5-7 сыныптар арасында І орынды 6"а" -сынып оқушылары, ІІ орынды 7-сынып оқушылары, ІІІ орынды 5,6 -сынып оқушылары иеленді. Ал 8-11 сыныптар арасында өтілген сайыста І орынды 9-сынып оқушылары, ІІ орынды 8-сынып оқушылары, ІІІ орынды 10-сынып оқушылары иеленді.
