21
апрель
2022
"Алғабас орта мектебі"КММ де өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 7-10 сынып оқушылары арасында мектепішілік "Жігіт сұлтаны-2022" байқауы өткізілді.
"Алғабас орта мектебі"КММ де өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 7-10 сынып оқушылары арасында мектепішілік "Жігіт сұлтаны-2022" байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: ата-салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу. Байқауға 7-10 сынып оқушылары арасынан 7 үміткер қатысты. Байқауға қатысқан үміткерлер 4 кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті. Қорытындысында үміткерлер номинациялар бойынша мақтау қағаздарына иеленсе, бас жүлдені 10-сынып оқушысы Абубакир Жалғас жеңіп алды. Құттықтаймыз!



