Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Ұланбасы» сайлауы
«Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қыркүек айының 17-күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Ұланбасы» сайлауы өткізілді. Сайлауға мектеп бойынша 4 үміткер кандидатурасын ұсынды. Олар: 10 «ә» - сынып оқушысы Бейсенова Жанель, 9 - сынып оқушысы Сейдахмет Альбина, 8-сынып оқушысы Отарбаева Аружан, 9 - сынып оқушысы Нүсіп Ернұр.
Сайлауға 5-11 сынып оқушыларынан 218 оқушы қатысты. Дауыс жинау нәтижесі төмендегідей:
1. Бейсенова Жанель- 35 дауыс
2.Сейдахмет Альбина- 43 дауыс
3.Отарбаева Аружан- 65 дауыс
4.Нүсіп Ернұр - 75 дауыс
Сайлау соңында комиссия мүшелері мектеп директоры Н.Еркинбеков, ДТІЖО Д.Карсакованың қатысуымен сайлау жәшігі ашылып, дауыстар саналды.
Сайлау қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған Нүсіп Ернұр Ұланбасы болып сайланды.
Нүсіп Ернұрға атқаратын міндеті туралы айтып, жұмысына сәттілік тіледік.
