"MI BATTLE" интеллектуалды ойыны
2024 жылдың 21 қараша күні «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарындағы «Зерде» бағыты бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында командалық «Mi battle» интеллектуалды ойынын өткізді. «Шын жүйрікке шаршы топта қарсылас жоқ» деуші еді дана қазақ. Логика мен ой ұшқырлығын, шапшаңдық пен білімді талап ететін аталмыш ойынға: «Aura», «Жас өрен», «Болашақ», «Л-логика», «Yunger», «Fovse», «Amigo», «7-Su», «Genius» командалары қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Бес кезеңге созылған сайыстың әр кезеңі қызыққа толы болды. Бірінде жасырылған әуендер мен кинолардың аттарын табу керек болса, ал, бірінде логикалық сұрақтар қойылды. Бұл жерде тағы бір ескерерлік және қажет етерлік нәрсе: «шапшаңдық» болып табылады. Төрешілер уақыт аяқталған соң жауап парақшаларын жинап алып отырды. Осы сындардан мүдірмей, қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан «Genius» тобы жарыс жеңімпаздары болып табылды. Ал екінші орынды «Amigo» тобы қанжығаласа, үшінші орынды «Aura» командасы иеленді. Мектебіміздегі жақсы көріп ойнайтын және сұранысқа ие болған «Mi battle» интеллектуалды ойыны алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
