"Мектеп парламенті" өзін-өзі басқару органының мектеп Президенті сайлауы » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектеп парламенті" өзін-өзі басқару органының мектеп Президенті сайлауы
19
октябрь
2024

"Мектеп парламенті" өзін-өзі басқару органының мектеп Президенті сайлауы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Алғабас орта мектебі» КММ-де білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту бойынша «Мектеп парламенті» құрылды. Әр оқу жылында мектеп Президенті сайлауы өтеді. 2024-2025 оқу жылында да  «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару органының мектеп Президенті сайлауы өтті.

   23 қыркүйек күні  мектептің дәлізінде, инстаграм парақшасында, лездемеде «Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару органының мектеп Презеидентіне сайлау өтетіндігі туралы хабарландырулар жарияланып, ілінді. Хабарландыру негізінде сайлауға 9-10 сыныптың оқу үлгерімі жоғары, белсенді 4 оқушысы өз кандидатураларын ұсынды. 

   Олар: 10-сынып оқушысы Нұржан Данагүл, 9-сынып оқушылары  Есжан Елдана, Сәдікен Айсұлу мен Төлеу Гүлім.

   Сайлауға түскен үміткерлер алдын-ала бағдарламаларын дайындап әлеуметтік желілер арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, мектептің мәжіліс залында өздері дайындаған жоба, мақсаттарымен таныстырып, дұрыс таңдау жасап, 19 қазан күні өтілетін   сайлауда дауыс беруге шақырды.

  19 қазан күні «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару органының мектеп Президенті сайлауы оқушылардың ашық әрі жария сипатында дауыс беруі арқылы өткізілді.  Сайлауға оқушылар мен мұғалімдер қатысты. Дауыс беру санитарлық талаптарды сақтай отыра, әділ түрде өтуі мектеп әкімшілігі тарапынан қадағаланды. Сайлауға мектеп оқушылары мен мұғалімдер белсене қатысып, өз таңдауларын жасап, үміткерлерге дауыс берді.

  Сайлау нәтижесінде 9-сынып оқушысы Есжан Елдана – 18 дауыс, 9-сынып оқушысы Төлеу Гүлім – 33 дауыс, 9-сынып оқушысы Сәдікен Айсұлу – 39 дауыс, 10-сынып оқушысы Нұржан Данагүл-50 дауыс жинады. 


Сайлау қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Нұржан Данагүл 50 дауыс жинап «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының мектеп Президенті болып сайланды. 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив