«Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару органының Президенті сайлауының өткізілуі туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Алғабас орта мектебі» КММ-де білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту бойынша «Мектеп парламенті» құрылды. Әр оқу жылында мектеп Президенті сайлауы өтеді. 2023-2024 оқу жылында да «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару органының мектеп Президенті сайлауы өтті.
11 қыркүйек күні мектептің дәлізінде, инстаграм парақшасында, лездемеде «Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару органының мектеп Презеидентіне сайлау өтетіндігі туралы хабарландырулар жарияланып, ілінді. Хабарландыру негізінде сайлауға 8-9 сыныптың оқу үлгерімі жоғары, белсенді 3 оқушысы өз кандидатураларын ұсынды.
Олар: 9-сынып оқушылары Сейтжанқызы Жансая мен Манат Аяулым, 8-сынып оқушысы Есжан Елдана.
Сайлауға түскен үміткерлер алдын-ала бағдарламаларын дайындап әлеуметтік желілер арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, мектептің мәжіліс залында өздері дайындаған жоба, мақсаттарымен таныстырып, дұрыс таңдау жасап, 18 қыркүйек күні өтілетін сайлауда дауыс беруге шақырды.
18 қыркүйек күні «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару органының мектеп Президенті сайлауы оқушылардың ашық әрі жария сипатында дауыс беруі арқылы өткізілді. Сайлауға оқушылар мен мұғалімдер қатысты. Дауыс беру санитарлық талаптарды сақтай отыра, әділ түрде өтуі мектеп әкімшілігі тарапынан қадағаланды. Сайлауға мектеп оқушылары мен мұғалімдер белсене қатысып, өз таңдауларын жасап, үміткерлерге дауыс берді.
Сайлау нәтижесінде 8-сынып оқушысы Есжан Елдана – 30 дауыс, 9-сынып оқушысы Манат Аяулым – 60 дауыс, 9-сынып оқушысы Сейтжанқызы Жансая – 67 дауыс жинады.
19 қыркүйек күні 2023-2024 оқу жылының мектеп Президенті сайлауының қорытындысын жариялау мақсатында мектеп оқушыларына жиын өтті. Жиында мектеп директоры Н.Джексембиева сайлауда жеңіске жеткен үміткерді жариялап, құттықтап, жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Сайлау қорытындысы бойынша 9-сынып оқушысы Сейтжанқызы Жансая 67 дауыс жинап «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының мектеп Президенті болып сайланды.




