"ҚҰРМЕТТЕЙМІН ҚАРТЫМДЫ" кездесулер мен құттықтаулар
«Қарттарымыз – қазынамыз» дейтін халықпыз. Ақылы дария ардақтылардың халықаралық мерекесі әлемнің түкпір-түкпірінде аталып өтеді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – адамгершіліктің ең жоғарғы қасиеттерінің бірі. Сондай-ақ, үлкенді сыйлау, құрмет көрсету – қай халықтың болмасын түпкі тамырының тереңінде жатқан салт-дәстүрлерінің бір бөлшегі. Осы бір керемет дәстүр бүгінгі күнге дейін мектебімізде жалғасын тауып келеді. Осы орайда,1 қазан – «Халықаралық қарттар күні» мерекесіне байланысты мектеп әкімшілігі мен «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарындағы «Руханият» бағыты бойынша мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен бірге ауылымыздағы қарт ата-әжелерімізді құрметтеу мақсатында 2024 жылдың 30 қыркүйек күні «Құрметтеймін қартымды» тақырыбында кездесулер мен құттықтаулар ұйымдастырды.
Ұлт рухын көтеріп, жастардың санасын оятып, ұлттық болмысымызды келер ұрпақ тәрбиесінде қалыптастыратын, бір қауымға бас-көз бола білген қарттардың орны біз үшін қашанда ерекше. Жасы үлкенге құрмет көрсету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Кездесу барысында мектеп белсенділері қарт ата-әжелеріміздің естеліктерін тыңдап, пікір алмасып, мерекелерімен құттықтап, баталарын алып қайтты.



