1 қазан – «Халықаралық қарттар күні» мерекесіне байланысты өкізілген іс-шара "ҚҰРМЕТТЕЙМІН ҚАРТЫМДЫ""
1 қазан – «Халықаралық қарттар күні» мерекесіне байланысты педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева жұмыс жоспарына сәйкес мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен бірге ауылымыздағы қарт ата-әжелерімізді құрметтеу мақсатында «Құрметтеймін қартымды» атты кездесулер мен құттықтаулар ұйымдастырды.
Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата-салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, құрмет көрсетуде. Осындай қарт адамдарға құрмет көрсету шаралары «Алғабас орта мектебі» КММ-де де өтті. 2023 жылдың 27 қыркүйек күні ауылымыздың қарт ата-әжелеріміздің үйлеріне барып құрмет көрсетілді. Мектеп белсенділері қарт ата-әжелеріміздің естеліктерін тыңдап, пікір алмасып, баталарын алып қайтты.

