"ДАНАЛЫҚ ҰСТАЗДАН" дублер күні
Жетісу облысының білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту минстрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылғы 12 қыркүйек №15-53-209 хаты негізінде 2024 жылдың 03 қазан күні «Алғабас орта мектебі» КММ-де «Ұстаздар күні» мерекесінде «Даналық ұстаздан» тақырыбында дублер күні іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді.
Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбас-шылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны 9-11 сынып оқушылары өткізіп, аталған жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып шықты. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі ролінде ойнаған білім алушылар ұстаздардың жұмысының қаншалықты ауыр әрі маңызды екенін түсініп, аталған жұмыстың жауапкершілігін сезінді. Іс-шаралардан кейін ұстаздарына алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

