15
март
2024
Ұлттық салт дәстүрді дәріптеу күніне орай «Dastur» челленджі
Салт – сана мен дәстүр бізді басқа халықтардан ажырататын бірінші белгі. Дәстүр ата - бабаларымыздың дүние танымымен астарлас. Ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті қазынамыз. Басқа халықтардан ерекшелеп тұратын ұлттық құжатымыз. Оны сыйлау, болашақ ұрпаққа аман - есен жеткізу - біздің міндетіміз.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін ұстанғандардың бірі - өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері – салт - дәстүр, әдет - ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Осы орайда "Алғабас орта мектебі" КММ-де жоспарға сәйкес «Dastur» челленджі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларды ата-бабаларымыздың дүниетанымын қастерлеуге, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға үйрету, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, үлкенді сыйлауға құрметтеуге, тәрбиелеу.
«Dastur» челленджінде "Сырға тағу", "Бесікке салу", "Құрсақ шашу" көріністері көрсетілді.