Ұлттық киім күні / «Этно-fashion» ұлттық киімдер флешмобы/
Ұлттық киім – ұлтымыздың айнасы. Халқымыздың ұлттық киімдері- заманауи тарихпен қатар дамып, біте қайнасып келе жатқан асыл қазынамыз. Қазақтың ұлттық киімі – қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі. Халқымыздың ұлттық киімдері – заманауи тарихпен қатар дамып, біте қайнасып келе жатқан асыл қазынамыз.
«Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Әз Наурыз – игіліктер бастауы» атты Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары негізінде 2024 жылдың 18 наурыз күні ата-бабамыздан мұра болып жеткен асыл қазыналарымыздың бірі ұлттық киім кию сән ғана емес, халқымыздың өнегелі тәлім-тәрбиесін, бай ұлттық болмысымызды жас ұрапққа насихаттау мақсатында «Ұлттық киім» күні өтті. Осы күні мектептегі барша ұстаздар мен білім алушылар, кіші қызметкерлер ұлттық киім киіп жүрді.
Сонымен қатар мектебіміздің «Жас Ұлан», «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері ұлттық киімді насихаттауға белсене атсалысып Батыржан Оңғаров атындағы саябақта «Этно-fashion» ұлттық киімдерді киіп флешмоб биледі.



