"ИНТЕРНЕТСІЗ БІР КҮН" акциясы
Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір–бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Бірақ, ғаламтордың пайдасымен қатар зияны да бар екендігін ойдан шығаруға болмайды. Осы орайда мектебімізде 2024 жылдың 08 ақпан күні «Оқуға құштар» айлығына орай «Интернетсіз бір күн» акциясы ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар мектеп әкімшілігі мен өзін-өзі басқару ұйымы.
Акцияның мақсаты - интернетке тәуелділіктің алдын-алу, кәмелетке толмағандардың интернет белсенділігін бақылау, ересектердің жауапкершілігін, интернет пайдалану мәдениетін арттыру. Бос уақыттарын тиімді пайдалану.
Оқушыларға арналған лездеме жиында интернеттің зияны туралы кеңінен айтылды. Әсіресе ҰБТ-ге дайындалушы 11-сынып оқушыларына уақытын босқа өткізбеуге, жалпы адамның қу темірден гөрі рухани азығы мол кітаппен дос болуға шақырды. Акцияға оқушылар белсенділікпен қатысты.
Оқушылардың интернетке тәуелділігінің алдын алу, интернет-пайдалану мәдениетін арттыру мақсатында өткізілген бұл шараның оқушыларға пайдасы мол болды.