БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын саралау және дескриптор құру. Коучинг (Практикалық жұмыс) » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын саралау және дескриптор құру. Коучинг (Практикалық жұмыс)
19
декабрь
2022

БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын саралау және дескриптор құру. Коучинг (Практикалық жұмыс)

Коучинг (Практикалық жұмыс)

Күні: 09.12.22.


Өткізетін мұғалім:

Тлеужанова Ж.М.

Тақырыбы:

БЖБ  мен     ТЖБ тапсырмаларын  саралау және дескриптор  құру

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық, үлестірмелі материалдар

Мақсаты:

Жиынтық     бағалау  туралы түсініктерін  кеңейту, білім  жүйесінде     жиынтық  бағалаудың алатын  орнын     әріптестермен  талқылау. БЖБ  мен ТЖБ тапсырмаларын дайындау жолдарын талдау,

құрылған тапсырмаларды саралау жұмыстарын жүргізу.







Табыс критерийі:

Оқушылардың білімдерін бағалауда критерий бойынша бағалауды пайдалана алады .Қатысушылар бағалау тапсырмаларын құрастырады, сараптайды.



Түйінді идеялар

Оқу мақсаты, бағалау критерийлері, ойлау дағдыларының деңгейі, дескриптор, БЖБ, ТЖБ,

Пайдаланған әдіс тәсілдер

Топтық жұмыс, АКТ–ны пайдалану, диалог құру, сын тұрғысынан ойлау, пікір алмасу. Жеке ойларын білдіру.

Қажетті құралдар

Интерактивті тақта, ақ қағаздар (А3), үлестірмелі тапсырмалар, түрлі-түсті парақтар, желім, 



Тапсырмалардың түрлері

Уақыт 

Коучтың іс-әрекеті

Қатысушылардың  іс-әрекеті

Амандасу


Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер.


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 мин

Бүгінгі  жұмысымыз практикалық жұмыс бағытында болғандықтан, әркімнің пікірі құнды, әркімнің пікірі бағалы, сондықтан өз ойымызды ортаға салып отырайық. Бүгінгі күніміз сәтті өтсін деген ниетпен бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлап, барлығымыз өзіміздің жақсы жағымызды есімімізбен бірге айтамыз.

Қатысушылар өздерінің жақсы жақтарын айтып өздерін     таныстырып шығады.

Топқа бөлу

2 мин


«Сізге қандай жеміс-жидектер ұнайды» стратегиясы бойынша әр мұғалім жеміс жидектерді таңдатып,топқа бөлу.

1-топ «Алма»

2-топ «Алмұрт»

3-топ «Шие»

4-топ «Өрік»

КОУЧ сөзі:

Әлде –бір жеміс –жидектерге деген жеке адамның құштарлығы оның «мінез-құлқындағы кейбір құпиялардың құлпын ашады» екен. Американдық психолог И.Канн өз тәжірибелері негізінде осындай қорытындыға келген. Осыған сүйене отырып сіздер ұнатқан жемістерді арқылы сіздерге мінездеме беріп кетейік.


1.         Егер алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз жұмысыңызға шын берілгенсіз, қандай тапсырма болса да,  тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.

2.         Алмұртты  ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адаммен тіл табыса алатын ашық жар-қын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.

3.         Шиені жақсы көрсеңіз сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табысы аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен, қызғаншақтығыңыз жоқ емес.

4.         Өрікті  ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жан-жал, дау-дамайға бара бермейді.Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана, өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық-ауыз сөзі жоқ.      Кейде  табандылық жағы ғана жетіспейді.







1-топ «БЖБ»

2-топ «ТЖБ»

3-топ «Дескриптор»

Қатысушылар топқа бөлініп  отырады.

Таныстырылым көрсету

 мин

«Мен бес алдым» бейнежазбасын  көрсетіп, түрткі сұрақтары қойылады.

-Бейнежазбадан  қандай ой түйдік?

Таныстырылым көрсету.

Таныстырылым тамашалайды. Сұрақтарға жауап береді. Ой бөліседі.

Топтық  жұмыс

10 мин

«Жүріп оқу» әдісімен ЖБ құрастыру бойынша ортадағы тақырыпты талқылайды.

  • 1-топқа: Жиынтық бағалауды енгізу себебі? 
  • 2-топ: Жиынтық  бағалаудың міндеттері қандай? 
  • 3-топ: Жиынтық  бағалау мұғалімдерге қандай мүмкіндік береді? 

Топтық жұмыс. Қатысушылар өз пікірлерін айтады. Қатысушылар тақырып бойынша түсініктерін нақтылайды .

Таныстырылым

 мин

БЖБ мен ТЖБ құрастыру ерекшеліктері туралы таныстырылым көрсетіледі.

Таныстырылыммен танысады

Топтық жұмыс

10  мин

Топтағы қатысушылар біріге отырып  пәні бойынша БЖБ, ТЖБ құрастырады.

БЖБ ТЖБ құрастырады.

Сергіту сәті

2 мин

« Бодиарт»   әдісі бойынша сергіту  жаттығуын     жасау.

Топ мүшелері тақтаға сызбаны сызып көрсетеді .

Кері байланыс





5мин

Топтағы әрбір мұғалімге парақша беремін. Мидың суретін салып 4 бөлікке бөледі. 4сұрақ қоямын.

1.Маңдай бөлігі: Коучинг барысында не білді?

2.Төбе бөлігі: Коучинг барысында қандай іс-әрекеттер істеді?

3.Самай бөлігі: Коучинг барысында қайдай ауызша және тұжырымдамалық мәліметтерді қабылдады? 

4.Желке бөлігі: Қандай визуалды бейнелерді қабылдап, жадыға сақтап алды?

Сызған мидың суреттерінің 4 бөліктеріне сұрақтарға жауап жазады.











«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі бойынша өз ойларын және ұсыныстарын білдіреді. 





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив