"ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ" МЕРЕКЕСІ
Мектепте еліміздің Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында сенбілік тазалау жұмыстары жүргізіліп, мектеп ауласына безендіру жұмыстары ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдық мерекесіне байланысты іс-шара жоспары жасалып, мектеп директорымен бекітілді. Іс-шара жоспары бойынша төмендегідей шаралар ұйымдастырылып өтілді.
1-11 сыныптарда «Тәуелсіздік-ұлы ұғым» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдығы мерекесіне арналған «Желтоқсан-Тәуелсіздік бастауы» атты көрме ұйымдастырылды. Барлық сыныптар «Тұғыры биік -Тәуелсіздік» тақырыбы аясында қабырға газеттерін шығарды.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері 7-10 сынып оқушылары арасында «Біздің жеңісіміз Отанымның жемісі!» атты спорттық ойындардан жарыс өткізді.
4-10 сыныптар арасында «Біз Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты патриоттық ән байқауы өтті. Байқауға жалпы 12 оқушы қатысты. Қатысушылар патриоттық әндер орындады. Байқау соңында төрешілер қорытындысын шығарып жүлделі орын алған оқушыларды марапаттап, қалған қатысушыларға белсенділік көрсеткендері үшін алғыс хаттар берді.
ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік орындалған арман» атты салтанатты жиын өтілді. Жиын барысында 1,5 - сынып оқушылары
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті. «Жас Қыран» ұйымына 1-сыныптан 24 оқушы қабылданса, «Жас Ұлан» ұйымына 5-сынып оқушыларынан 21 оқушы қабылданды. Мектеп директоры Н.Джексембиева құттықтау сөз сөйлеп ұстаздар мен оқушыларды марапаттады. Жиын соңы музыкалық бағдарламаға ұласты.