«Жаңа жыл-2023» шырша мерекесінің өткізілуі » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Жаңа жыл-2023» шырша мерекесінің өткізілуі
28
декабрь
2022

«Жаңа жыл-2023» шырша мерекесінің өткізілуі

Мектепте «Жаңа жыл-2023» шырша мерекесінің өткізілуі жайында іс-шара жоспары жасалып бекітілді. Мерекені өткізуге байланысты облыстық білім басқармасының 2022 жылғы 06 желтоқсан күнгі №42-42/346 хатына сәйкес және аудандық білім бөлімінің «09» желтоқсан 2022 жылғы №496-н бұйрығына сәйкес мектепішілік 12.12.2022 жылғы бұйрығы шығарылды. Осы күндері арнайы мұғалімдер мен ата-аналардан кезекшілік ұйымдастырылды. Мектеп ауласына және ғимаратты  безендіру жұмыстарына жауапты адамдар бекітілді, барлық сыныптар мерекелік қабырға газеттерін шығарды. Жасыл шырша мерекелік барысында техникалық қауіпсіздік іс-шаралары, өрт қауіпсіздігі шаралары ұйымдастырылды

Жасыл шырша мерекесі 28-желтоқсан күні сағат 10.00-12.00 де МДС,1 сынып оқушыларына, сағат 13.00-15.00 аралығында 2-3 сынып оқушыларына, 4-5 сыныптарға 15.00-17.00 дейін өткізілді. 29 желтоқсан сағат 10.00-12.00 де 6,7а,ә сынып оқушыларына,   сағат 15.00-17.00 де 8-9-10-11 сынып оқушыларына жаңа жылдық балмаскарад өткізілді. Балалар жаңа жылдық костюмдер киіп, бағдарлама бойынша өз өнерлерін көрсетті, түрлі ойындар ұйымдастырылып, шыршаға қатысқан кейіпкерлер киіміне сай   Аяз ата мен Ақшақардан сыйлықтар алды. 

Жасыл шырша мерекесі кезінде үздік өнер көрсеткен, қабырға газеттерін шығаруда, сынып безендіруде   белсене қатысқан сынып оқушылары   сыйлықтармен  марапатталды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив