КЕЛ ЖАҢА ЖЫЛ, ЖАҢА ЖЫЛ!
Мектепте «Жаңа жыл-2023» шырша мерекесінің өткізілуі жайында іс-шара жоспары жасалып бекітілді. Мерекені өткізуге байланысты облыстық білім басқармасының 2022 жылғы 06 желтоқсан күнгі №42-42/346 хатына сәйкес және аудандық білім бөлімінің «09» желтоқсан 2022 жылғы №496-н бұйрығына сәйкес мектепішілік 12.12.2022 жылғы бұйрығы шығарылды. Осы күндері арнайы мұғалімдер мен ата-аналардан кезекшілік ұйымдастырылды. Мектеп ауласына және ғимаратты безендіру жұмыстарына жауапты адамдар бекітілді, барлық сыныптар мерекелік қабырға газеттерін шығарды. Жасыл шырша мерекелік барысында техникалық қауіпсіздік іс-шаралары, өрт қауіпсіздігі шаралары ұйымдастырылды
Жасыл шырша мерекесі 28-желтоқсан күні сағат 10.00-12.00 де МДС,1 сынып оқушыларына, сағат 13.00-15.00 аралығында 2-3 сынып оқушыларына, 4-5 сыныптарға 15.00-17.00 дейін өткізілді. 29 желтоқсан сағат 10.00-12.00 де 6,7а,ә сынып оқушыларына, сағат 15.00-17.00 де 8-9-10-11 сынып оқушыларына жаңа жылдық балмаскарад өткізілді. Балалар жаңа жылдық костюмдер киіп, бағдарлама бойынша өз өнерлерін көрсетті, түрлі ойындар ұйымдастырылып, шыршаға қатысқан кейіпкерлер киіміне сай Аяз ата мен Ақшақардан сыйлықтар алды.
Жасыл шырша мерекесі кезінде үздік өнер көрсеткен, қабырға газеттерін шығаруда, сынып безендіруде белсене қатысқан сынып оқушылары сыйлықтармен марапатталды.