Тәуелсіздік күнін мерекелеу » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
14
декабрь
2022

Тәуелсіздік күнін мерекелеу

Мектепте еліміздің Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында сенбілік тазалау жұмыстары жүргізіліп, мектеп ауласына безендіру жұмыстары ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдық мерекесіне байланысты іс-шара жоспары жасалып, мектеп директорымен  бекітілді. Іс-шара жоспары бойынша төмендегідей шаралар ұйымдастырылып өтілді.

1-11 сыныптарда «Тәуелсіздік-ұлы ұғым» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.


ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдығы мерекесіне арналған «Желтоқсан-Тәуелсіздік бастауы» атты көрме ұйымдастырылды. Барлық сыныптар «Тұғыры биік -Тәуелсіздік» тақырыбы аясында қабырға газеттерін шығарды.  


   Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері 7-10 сынып оқушылары арасында «Біздің жеңісіміз Отанымның жемісі!» атты спорттық ойындардан жарыс өткізді.


 1-4, 5-7 сыныптар мерекеге байланысты «Тәуелсіздік белестері» атты құттықтау челленджін ұйымдастырып өткізді. 


 5-сынып жетекшісі А.Қарсыбаева «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.


 4-10 сыныптар арасында «Біз Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты патриоттық ән байқауы өтті. Байқауға жалпы 12 оқушы қатысты. Қатысушылар патриоттық әндер орындады. Байқау соңында төрешілер қорытындысын шығарып жүлделі орын алған оқушыларды марапаттап, қалған қатысушыларға белсенділік көрсеткендері үшін алғыс хаттар берді.


    ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік орындалған арман» атты салтанатты жиын өтілді. Жиын барысында 1,5 - сынып оқушылары 

 Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті. «Жас Қыран» ұйымына 1-сыныптан 24 оқушы қабылданса, «Жас Ұлан» ұйымына 5-сынып оқушыларынан 21 оқушы қабылданды. Мектеп директоры Н.Джексембиева құттықтау сөз сөйлеп ұстаздар мен оқушыларды марапаттады. Жиын соңы музыкалық бағдарламаға ұласты.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив