2021-2022 оқу жылындағы тәрбие жұмысы бойынша жүргізілген іс-шаралар » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » 2021-2022 оқу жылындағы тәрбие жұмысы бойынша жүргізілген іс-шаралар
01
июнь
2022

2021-2022 оқу жылындағы тәрбие жұмысы бойынша жүргізілген іс-шаралар

2021-2022 оқу жылындағы 

 тәрбие жұмысы бойынша жүргізілген іс-шаралар


Мектепте тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «6» сәуірдегі № 130  бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығы негізінде бекітілген 8 бағыт бойынша оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылды. Онда жеке тұлғаны білімге, танымдық құштарлыққа, ізгілік пен ізеттілікке, ұлтжандылыққа, өнерге тәрбиелеуге бағытталған. Мектеп бойынша 14 сынып комплектісі бар. 14 сыныпқа сынып жетекшілері бекітілген. Оқу жылының басында мөлтек аудандар бойынша бөлінген жауапты мұғалімдер, сынып жетекшілері тізімдерін алып, рейдт жұмыстарын жүргізу барысында  мектептің әлеуметтік педагогі Г.Нусипбаева мектеп бойынша 38 көп балалы отбасынан 92 оқушы,  толық емес 12   отбасынан 16 оқушы,аз қамтылған 3 отбасынан 5 оқушыны есепке алды. 

         Мектеп бойынша 229 оқушы, 1 оқушы 6ә сыныбынан Әлімхан Көркем  үйден оқытылады. Оқушылар әртүрлі үйірмелер  мен факультативтерге, спорт секцияларына  тартылған. 2021-2022 оқу жылында жоспарланған тәрбие бағыттары төмендегідей жүргізілді. 

Бірінші бағыт – Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие

Мақсаты: 

Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның  саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру. Осы мақсатта 1 қыркүйек «Білім күніне байланысты» «Алғашқы қоңырау 1-сыныпта «Кел,балалар,оқылық» салтанатты жиын өткізілді. 2-11сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында республикалық алғашқы сынып сағаттары өткізілді.

«Жас Қыран»/1-4-сыныптар, «Жасұлан» /5-10-сыныптар/, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарын ұйымдастыру жөнінде  іс-шара жоспары жасалып бекітілді. ҚР Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеу насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру

мақсатында Мемлекеттік Рәміздерді оқып-үйрену мақсатында 5-11 сынып сағаттарын өткізілді. 



1- желтоқсанТұңғыш Президент күні мерекесіне байланысты  жоспарға сәйкес төмендегідей жұмыстар атқарылды. 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне байланысты  іс-шара жоспары жасалып бекітілді.Мерекеге байланысты алдын-ала безендіру жұмыстары жүргізілді. Мерекеге орай жүргізілетін  іс-шаралар таныстырылды.Мектеп дәлізінде «Біздің Елбасы»тақырыбымен Елбасының өмір жолы, қызметі және әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері екендігін таныту мақсатында көрме ұйымдастырылды. 


   «Ел тірегі-Елбасы» тақырыбында 5-11 сыныптар қабырға газеттерін шығарды. Педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева мен әлеуметтік педагог М.Сарманова 8-9 сыныптар арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, қызметі туралы  бейнефильм көрсетті.

  «Тұңғыш президент», «Елін сүйген елбасы» тақырыптарында 1-10 сынып аралықта сынып сағаттары өтілді.

 «1-желтоқсан Президент күні» мерекесіне байланысты 6-10 сыныптар арасында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.


Өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерге уақытылы жіберіліп отырды.

Мектепте еліміздің Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында сенбілік тазалау жұмыстары жүргізіліп, мектеп ауласына безендіру жұмыстары ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне байланысты іс-шара жоспары жасалып бекітілді. 

1-11 сыныптарда Қ Р Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-ұлы ұғым» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті. 3-сынып жетекшісі С.Шагатаева  «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік » тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. 6 «ә»- сынып жетекшісі Г.Турлыгазиева «Тәуелсіздік –елімнің ерлік жолы» атты ашық тәрбие сағаты өтті. 


ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне арналған «Тәуелсіздік-мақтанышым» атты стенд ұйымдастырылды. Барлық сыныптар «Тұғыры биік тәуелсіздік» тақырыбы аясында қабырға газеттерін шығарды.  

 Технология пәні мұғалімдері Э.Жылкибаева мен А.Хамзаның  ұйымдастыруымен қол өнер шеберлерінің жаңадан жасалған   бұйымдарының көрмесі қойылды. Көрмеде оқушылардың қолдан жасалған бұйымдары( бесік, домбыра, жастық, түрлі ыдыстар т.б.) қойылды. 

    Мерекеге орай «Бейбітшілік періштелері» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.  

Мектеп белсенділері «Біз-Тәуелсіз мемлекеттің ұланымыз!» тақырыбында мәнерлеп өлең оқу арқылы мерекеге тартуларын жолдады.


Мереке қарсаңында Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті. «Жас Қыран» ұйымына 1-сыныптан 23 оқушы қабылданса, «Жас Ұлан» ұйымына 5-сынып оқушыларынан 18 оқушы қабылданды.


   ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай «Тәуелсіздік-орындалған арман» тақырыбында  салтанатты жиын өтілді. 


    Патриот айлығында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Іс-шара жоспарына сәйкес төмендегідей жұмыстар жүргізілді. 1-8 сыныптарда «Жол белгілерін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мектепішілік «Жас инспекторлар» байқауы ұйымдастырылды. 5-11 сыныптарда «Мың тағзым, ардагерге майдан кешкен» тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді. 1-4 сыныптарда ерлік тақырыбына арналған сынып сағаттары өткізілді, Мектеп дәлізінде «Ерліктің даңқы мәңгілік» атты көрме қойылды. 6-сыныпта М.Маметованың туғанына 100 жыл толуына орай тарих пәнінің мұғалімі А.Қарсыбаева сыныптан тыс танымдық сабақ өткізді. 7-сыныпта сынып жетекшісі Э.Жылкибаева «Ленинградттық өрендерім» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. 9-11 сынып оқушылары ауылдағы «Ер есімі- ел есінде ескерткішіне тағзым етіп гүл шоқтарын қойды. 


Өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерге жіберілді.

        «Қауіпсіз балалық шақ журналы» атты 6 бөлімнен тұратын анимациялық фильм интербелсенді тақта арқылы көрсетілді. Жалпы 60 оқушы анимациялық фильмді көрді. Оқушылар өрт, су, мұз, электр тоқтарының қауіптілігі туралы түсінік алды.Түсіндіру жұмыстарын педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева жүргізді.


     Өткізілген іс-шара әлеуметтік желілерге жіберілді.

https://www.instagram.com/p/CXde6-brbX5/?utm_=copy_link

«Құқықтық сана –қауымға панга» жобасы бойынша «Бала құқығы- алам құқығы» жеке жоспар бойынша айлық жүргізілді. 

1-наурыз «Азаматтық өорғаныс күні» жеке жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді.

Рухани адамгершілік тәрбие бағыты бойынша Ұстаздар мерекесіне  орай   «Ұстаз –ардақты есім» /5-11 сыныптар/ арасында  ұстаздарға құттықтаулар жолданды.

 22-қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне байланысты «Тіл мемлекеттік мәртебе» тақырыбында апталық өткізілді.

 5-11сыныптарда «Тіл қаруы -сөз», «Тіл -барлық білімнің кілті» атты қазақ,орыс,ағылшын тілдерінен мәнерлеп оқу ұйымдастырылды. «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді.

Ұстаздар мерекесіне байланысты «Ұстаз деген жарқын күні ғаламның» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Жоспарға сәйкес мектеп кітапханашысы А.Бесікбаева «Оқуға құштар мектеп» атты жоба аясында мектепте және отбасында 15 минуттық кітап оқу ұйымдастырылды. Мектепте «Рухани жаңғыру» , «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында Ақиық ақын М.Мақатаевтың 91 жылдығына орай челендж ұйымдастырылды. 

   10-сыныпта «Жыр алыбы Жамбыл» тақырыбында шығармашылық жолын насихаттау мақсатында бейне көрсетілім ұйымдастырылды. 

     4-сынып жетекшесі Ж.Балтабаева «Салт-дәстүрім- таусылмайтын байлығым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мектеп кітапханашысы А.Бесікбаеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 30 кітап» тақырыбында 5-сынып оқушыларымен танымдық сағатын өткізді. Сонымен қатар «Әлемнің жеті кереметі» тақырыбында 7-8 сынып оқушыларымен таныстырылым, библиографиялық шолу ұйымдастырды. 

       Өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желіге салынып отырды

Ұлттық тәрбие бағыты бойынша Қазан айында технология пәні мұғалімі Э.Жылқыбаеваның ұйымдастыруымен «Ұлттық қолөнер туындылары баға жетпес құндылықтарымыз» тақырыбымен қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. 5-8-сыныпарда Г.Жамаубаева «Табиғатым -тал бесігім тақырыбында эссе жазылды. 16 қараша теңге күніне байланысты 6 а сынып жетекшісі Е.Шыңғысбай «Теңге –Тәуелсіз Қазақстанның белгісі» атты тәрбие сағаты өткізді.

Отбасы тәрбиесі бағыты бойынша Оқу жылы басында жалпы ата- аналар жиналысы, сынып аралық ата- аналар жиналысы жоспарланып, ата- аналар комитетінің жаңа құрамы сайланды. Ата- аналар жиналыстарында мектеп психологі Э.Керімбекова оқушынының көңіл күйін зерттеу әдістемесі бойынша «Оқушы үлгеріміндегі ата-ананың ролі қандай болу керек?», «Қашықтықтан оқыту кезіндегі ата-аналарға жадынама» тақырыбындағы таныстырылым көрсетілді. Ата- аналардың міндеті құқы, жауапкершілігі көрсетілді. Бала тәрбиесіндегі ата- ананың ролі.т.б.  Оқушылар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау, озық отбасылық дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған төмендегідей іс-шаралар өткізілді. «Отбасы –бақыт мекені» іс-шараға байланысты безендіру жұмыстары жүргізіліп, іс-шара жоспары жасалып бекітілді. 

                   2-3-4 сыныптарда «Толағай» отбасылық сайыс өткізілді. 

«Толағай» отбасы сайысында бас жүлдені Сейтбековтар отбасы, І орынды Мырзабековтар, ІІ орынды Бекбаевтар отбасы, ІІІ орынды Артықовтар отбасы иеленді. Жеңіске жеткен отбасыларына сыйлықтар табыс етілді. 

5-сынып ата-аналарының арасында «Әкем, шешем және мен» отбасылық спорттық сайыс қашықтықтан ұйымдастырылды.. Өткізілген іс-шара әлеуметтік желіге жарияланды.

https://www.instagram.com/tv/COMIZ7BHlmp/?utm_=share_sheet.

9-сыныпта «Отбасы – бақыт мекені» атты видеоролик ұйымдастырылып өткізілді. Сынып жетекшісі: Г.Жамаубаева. Өткізілген іс-шара әлеуметтік желіге жарияланды. 

https://www.instagram.com/tv/CT3sVhKq_fR/?utm_=share_sheet.

 Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бойынша 

2-10 сыныптар арасында еңбек күніне арналған «Әлемнің әміршісі –еңбек» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.  

«Алтын  күз» мерекелік сағаттары өткізілді.  1-4 сыныптарда «Күз сыйы» атты ертеңгіліктер өткізілді.  

Күз сыйында оқушылар өздерінің қолдарынан жасаған қолөнер бұйымдарын ұсынды. Педагог ұйымдастырушы Г.Джандарбекова күзге байланысты өткізілген іс-шараны қорытындылап, үздік танылған деп танылған оқушыларды марапаттады.

Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында 5-10 сыныптар арасында   «Қазақстан –байтақ елім» атты шығарма байқауы ұйымдастырылды. 

Көпмәдениетті және көркем- эстетикалық тәрбие

1-11сыныптарда тоқсан сайын қыздар ұйымының жиналысы өткізілді

Педагог ұйымдастырушының қатысуымен  5-10 сыныптар арсында «Ереже –мектептің негізгі заңы» атты тақырыбында мектепішілік ережемен таныстыру мақсатында жиналыс болып өтті. 

1-11 сыныптарда «Рухани келісім күніне арналған» тәрбие сағаттары өткізілді.11 а,11ә сыныптарында «Тіл табысу-сыйласымдылық» тақырыбында пікір алмасу ұйымдастырылды. Көктем мерекесі 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Анаға тағзым күні» тақырыбы аясында төмендегідей іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: Отбасы тәрбиесін насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ана еңбегін бағалау және оларға деген құрмет сезімдерін арттыру. Осы мақсатта 1-11 сыныптарда «Анаға тағзым күні» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 9-сыныпта «Қыздар нәзік жан» тақырыбында, 7-сыныпта «Анаға тағзым» тақырыбымен мерекелік іс-шаралар өткізілді. Ұстаздарға мерекелік құттықтау хат жолданды. 






Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі  Мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен 7-9 сынып оқушыларымен «Кім көп оқиды?» атты көрме ұйымдастырып өткізді.Желоқсан айының 6-сы күні информатика пәнінің мұғалімі Л.Базильбекова 5-ші сынып оқушыларымен сыныптан тыс қосымша сабақ жүргізді. Сабақ барысында Big Dream мобильді қосымшасын пайдалана отырып, оқушыларға сабақты қызықты өткізді. Оқушылар жаңа технологиялармен танысып, қазіргі қоғамдағы АКТның маңызын түсіндірді. 



      blob:https://web.whatsapp.com/978af37c-2f7d-4503-ba76-d209de2d9327

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты бағыты бойынша оқушылардың санитарлық- гигиеналық талаптарын сақтауға, әртүрлі жұқпалы аурудың таралу жолы, одан сақтану және салауатты өмір ағымына сай тәрбиелеу мақсатында түрлі іс –шаралар өтті. «Салауатты өмір салты» атты апталығы өткізіліп онда дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері, сынып жетекшілері , медбике бірлесіп әңгіме-сұхбат жүргізіп сахналық көріністер, сурет көрмесі, плакаттар , байқауы ұйымдастырылды. «Тазалық-денсаулық», «Педикулез ауруы» тақырыбында  мектеп медбикесі  оқушыларға алдын-алу кеңестері вацап желісі арқылы  берілді.

Жол ережесіне байланысты жасалған жұмыстар.  

Жыл сайын оқу жылының басында жол қозғалысы  мәселесіне аса көңіл бөлініп, балалардың жол қозғалысындағы келеңсіз оқиғадан сақ болуына бірден – бір көмегі тиеді. Осы мақсатта көптеген іс –шаралар өткізілді. Технолгия пәні мұғалімі А.Хамзаұлы 5-6 сыныптар арасында сурет көрмесін   ұйымдастырды. 1-8 сынып жетекшілерінің жоспарлары бекітілді. Жол қозғалысы туралы 1-8 сыныптар арасында сынып сағаттар, түсінік жұмыстары жүргізілді.


    Мектептің әлеуметтік топтағы отбасыларының балаларына жалпыға міндетті оқу қоры есебінен тегін ыстық тамақпен 25 оқушы тамақ ішеді.  «Мектепке жол» акциясы жыл бойы ұйымдастырылып отыр. Акцияның негізгі мақсаты аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға қолдау  көрсету және әлеуметтік себептер бойынша алдын алу.   Жалпы мектеп бойынша 2021-2022 оқу жылында   көпбалалы отбасы -35, ондағы балалар саны-92, толық емес отбасы саны- 8, ондағы бала саны- 10, Ата-анасының қомқорлықсыз қалған , жетім оқушы-жоқ. Азқамтылған отбасы -3, ондағы бала саны -5.

  Жыл бойы медициналық қараумен мектептің барлық оқушылары қамтылды. 


2020-2021 оқу жылындағы тәрбие жұмысын талдау негізінде жаңа оқу жылына міндеттер анықталды:


Ұсыныс: 

1. "Рухани жаңғыру"бағдарламасының негізгі бағыттарына сәйкес тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру.

2. Балалар мен ересектердің мектеп ортасында рухани-адамгершілік құндылықтар, төзімділік негізінде бір-біріне құрметпен қарауды қалыптастыру.

3. Ата-аналарды мектеп өміріне барынша тарту және оларды мектепті дамыту бағдарламасын іске асыруға тарту

4. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жұмысты жалғастыру, қауіп тобындағы балаларды мектеп өміріне, үйірмелерге, секцияларға қатысуға барынша тарту.




                  ДТІЖО                    Д.Карсакова




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив