"ҮЗДІКТЕР ШЕРУІ -2023" » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
декабрь
2023

"ҮЗДІКТЕР ШЕРУІ -2023"

Бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан- жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Қабілетті оқушыларды қолдау мақсатында мектебімізде  жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылады. Соның бірі  «Үздіктер шеруі» мерекесі. 

  Мереке мақсаты - мектеп абыройын мектеп, аудан, облыс, республикалық деңгейде асқақтатып жүрген білімді де, қабілетті, өнерлі де, талантты шәкірттерімізді мақтан ете отырып марапаттау. 

2023 жылдың 22 желтоқсан күні мектебімізде  «Үздіктер шеруі-2023» «Дарынды ұрпақ-жарқын болашақ кепілі»  атты салтанатты марапаттау  рәсімі өтті.

Үздіктер шеруінде   қатысушыларды мектеп директоры Джексембиева Назерке Нұрбақытқызы  құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға мектептегі  белсенділігі мен үлестері үшін алғыс білдіре отырып, білім, тірбие саласына байланысты жүргізілген әр іс-шараға жеке-жеке тоқталып,   қорытындылады. 

Салтанатты рәсімде  мектепішілік, аудандық, облыстық байқаулар мен шараларға белсене қатысып, жүлделі орын алған  үздік оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. 

«Бар жақсылық – балаларға!» Бұл ұран сонау Кеңес кезеңінің ұраны болса да, әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Болашағымыз – балаларға қолдау көрсетіп, ынталандырып отыру  ешқашан ұмыт қалған емес, ұмытылмайды да. 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив