"ҮЗДІКТЕР ШЕРУІ - 2022" » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
декабрь
2022

"ҮЗДІКТЕР ШЕРУІ - 2022"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағын жалпыұлттық міндет деп танып,өзінің жаңа жылдық үндеуінде 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай «Алғабас орта мектебі» КММ де  өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жағдай жасауға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ шығармашылықты дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша ауқымды жоспар жасалып, көптеген мектепішілік шаралар  өткізілді.

 2022 жылдың 26 желтоқсан күні мектебімізде Балалар жылының қорытындысы бойынша «Үздіктер шеруі-2022» атты салтанатты марапаттау  рәсімі өтті.

Үздіктер шеруінде   қатысушыларды мектеп директоры Джексембиева Назерке Нұрбақытқызы  құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға мектептегі  белсенділігі мен үлестері үшін алғыс білдіре отырып, Балалар жылында жүргізілген оқу, білім, тірбие саласына байланысты жүргізілген әр іс-шараға жеке-жеке тоқталып,  қорытындылады. 

Салтанатты рәсімде «Балалар жылы» аясында мектепішілік, аудандық, облыстық байқаулар мен шараларға белсене қатысып, жүлделі орын алған 49  үздік оқушы мақтау қағазымен марапатталды. 

«Бар жақсылық – балаларға!» Бұл ұран сонау Кеңес кезеңінің ұраны болса да, әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Болашағымыз – балаларға қолдау көрсетіп, ынталандырып отыру  ешқашан ұмыт қалған емес, ұмытылмайды да. .Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Үздіктер шеруі-2022» атты үздіктерді марапаттау салтанатында ауылымыздың азаматтары оқушыларымызға демеушілік көрсетіп Жаңа жылдық сыйлықтар берілді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив