"Өз құқығыңды қорғай біл!" сынып сағаттары
7-9 сыныптармен «Өз құқығыңды қорғай біл» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Сынып сағатарында оқушыларға тақырып аясында түсінік беріліп, сұрақтарға-жауап алынып, мақал-мәтелдер жалғасын тауып, постерлер қорғады.